Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 3504 0 пікір 28 Ақпан, 2011 сағат 05:51

Сайлауда әрбір үміткер өзінің үгіт-насихатына Т6 млн алады

Астана. 28 ақпан. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. Орталық сайлау комиссиясы үміткерлердің әр қайсысының үгіт-насихат жұмыстарына Т6 млн мөлшеріндегі қаражат бөлу нормативін бекітті.

«Сайлау туралы» заңға сай үміткерлерге БАҚ беттерінде мақала жариялауына, үгіт-насихат материалдарын шығаруға, сайлаушылармен кездесуіне, көлік шығындарына бюджеттен қаражат бөлінеді», - деді ОСК төрағасының орынбасары Владимир Фоос, сенбі күні комиссия отырысында.

Мысалы, үміткерлердің телеарналар арқылы 15 минуттық сөйлегеніне Т4млн 625 мың сомасындағы, радиодан 10 минуттық сөйлегеніне Т169 мың сомасында қаражат бөлінеді. Баспа беттеріндегі жарияланымда 2 мақаланың басылуына әр үміткерге Т810 мың, сайлаушылармен кездесуге баспана жалдауға Т200 мың, баспа материалдарын басып шығаруға - Т290 мың, және әр үміткерге көлік шығынына Т200 мың бөлінеді.

«Қорытындысында 6 млн 294 мың теңге», - деді В. Фоос.

Еске салсақ, биыл үкімет резервінен кезекті сайлауға Т4,706 млрд қаржы бөлініп отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2050