Сенбі, 30 Қараша 2024
3941 0 пікір 25 Шілде, 2018 сағат 11:15

"Академия солистов" мемлекеттік камералық оркестрі алғашқы концертін белгілі спортшы Денис Тенге арнады

Италияның Кунео провинциясындағы Берголо қаласынан бастау алған "Velia" музыкалық фестивалінің аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының "Академия солистов" мемлекеттік камералық оркестрі алғашқы концертін белгілі спортшы, ел мақтанышы Денис Тенге арнады. Қазақстанның xалық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, «Солистер академиясының» көркемдік жетекшісі Айман Мұсақожаева кешті 1 минут үнсіздік жариялап Денис Тенның қайғылы жағдайда қаза болғанына байланысты Қазақстандықтар мен туған-туыстарына көңіл айтты. Қазақстанның xалық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, «Академия солистов» мемлекеттік оркестрінің көркемдік жетекшісі Айман Мұсақожаева:

- Жұлдыздай жарқ еткен Денис Теннің мезгілсіз дүниеден өтуі барлығымызға ауыр тиді. Бұл жағдай барша Қазақ елінің үшін ауыр қайғы. Сондықтан біз фестиваль аясындағы алғашқы концертті Денис Теннің құрметіне арнадық. Жас әрі талантты, Қазақстан мен әлемнің сүйіспеншілігіне бөленіп үлгерген Денис еліміздегі спорттың дамуына зор үлес қосты. Оның есімі, жетістіктері мен ерен еңбегі жүрегімізде мәңгі сақталмақ.Оның жалыны сондай алаулап жанды да, сондай ерте сөнді. Жарқын тұлға Денис Тен – еліміздің жарық жұлдызы. Концертке келген италиялық өнер сүйер қауымға біз Денис туралы әңгімелеп, концертті соның құрметіне арнадық.

Айман Мұсаходжаева Денистің рухына арнап Брамстың, Сен-Сансенің, Ваксманның, Сарасатенің белгілі композицияларын орындады. Сонымен қатар, концерттің шымылдығын Үкілі Ыбырайдың "Қызыл асық" әнімен ашқан дәстүрлі әнші Асқар Мұқият пен отандық опера әншісі Азат Мәлік Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындап еуропалықтарды таңғалдырды. Екі сағатқа созылған концерт талғампаз көрерменнің қошеметіне бөленді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1614
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3457
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6960