Сенбі, 30 Қараша 2024
4212 0 пікір 26 Шілде, 2018 сағат 09:40

Ташкенттен Қызылордаға қатынайтын жаңа автобус рейсі ашылды

Өзбекстан мен Қазақстан Ташкент – Қызылорда – Ташкент бағытында тағы бір халықаралық автобус рейсін ашты. Бұл жөнінде «Өзавтотранс» агенттігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

21 шілдеден бастап Van Hool (Бельгия) автобусымен жергілікті сағат 17.00-те Ташкенттен Қызылордаға қарай автобус қатынай бастады. Жолаушылар автобусы Ташкенттің бас автовокзалынан шығып, өзбектің «Гишт куприк» шекарасы мен қазақтың «Жібек Жолы» шекарасынан өтіп, соңғы бекет - Қызылорданың "Салтанат" автовокзалына тоқтайды.

Маршрут ұзақтығы - 583 шақырым. Жолға 10 сағат 30 минөт кетеді. Билет құны Ташкенттен шыққанда – 97 мың сум, Қызылордадан Ташкентке қарай – 3800 теңге (11 доллар шамасында).

Биыл Өзбекстан мен көрші елдер арасында Ташкент-Алматы-Ташкент, Ташкент – Шымкент – Ташкент, Ташкент – Бішкек – Ташкент, Ташкент – Ходжент – Ташкент бағытында жолаушылар автобусы қатынай бастады. Халықаралық автобусқа бүгінгі күнге дейін 40 мыңға жуық жолаушы мінген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1614
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3457
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6960