Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
4936 2 пікір 30 Шілде, 2018 сағат 09:07

Қазақстан Ресейдің бірқатар аймақтарының құс өнімдеріне шектеу қойды

Қазақстанның ауыл шаруашылық министрлігі 26 шілдде Ресейдің үш облысынан келетін құс өнімдерінің импортына шектеу енгізгенін хабарлады. Министрліктің түсіндіруінше, бұған осы аймақта “жоғары патогенді құс тұмауының” тарауы себеп болған.

"Ресей Федерациясының Орел, Ростов және Нижегород облыстарында жоғары патогенді құс тұмауы вирусының жаңа жағдайының тіркелуіне байланысты, Қазақстан аумағына тірі құсты, инкубациялық жұмыртқасын, қауырсыны мен мамығын, құс еті мен құс өнімдерінің барлық түрлерін, термиялық өңдеуден өтпеген (кемінде 70°C), құстарға арналған азық қоспалары, таксидермиялық өңдеуден өтпеген аң аулау олжаларын (қанатты құс) импорттауға сонымен қатар, Ресей Федерациясының аталған аймақтарынан құстарды союда және бөлшектеуде қолданыста болған құрал-жабдықтарды пайдалануға уақытша шектеулер қойды" делінген министрліктің ресми вуебсайтында.

Құс тұмауы жедел вирустық ауру саналады. Ауру құс бірден жойылады. Құс тұмауы вирусы құстарға ғана емес, адамға да жұғуы мүмкін.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 984
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2521
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 688
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 660