Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 2708 0 пікір 1 Наурыз, 2011 сағат 08:17

Ақпан айында инфляция 1,5% болды - статагенттік

Астана. 1 наурыз. ҚазТАГ - Қазақстанда 2011-ші жылғы ақпан айындағы инфляция 1,5% болды, деп статистика агенттігі хабарлады.

«Ақпан айында Қазақстандағы инфляция 1,5% болды. Өткен айда азық-түлік тауарларының бағасы 2%-ға, азық-түліктік емес тауар бағасы - 0,2%, ақылы қызмет - 2,2%-ға артты», - делінген сейсенбі күнгі таратылған хабарда.

Өткен айда нан және жарма өнімдері 1,8%-ға қымбаттаса, қарақұмық - 19,6%-ға, тары - 5,6%-ға, арпа жармасы - 4%-ға, ұн 4,3%-ға, макарон бұйымдары 1,8, нан 0,4 пайызға  қымбаттаған.

Жеміс 2,9%-ға, жаңа піскен көкөністер - 8,5%-ға, картоп бағасы 3,5%-ға өскен. Шикі сүт бағасы 3,6%-ға қымбаттаса, ет пен құс еті - 2,1%-ға, жұмыртқа - 4%-ға, майлар - 2,4%-ға, қант - 5,4%-ға, ірімшік 1,7%-ға қымбаттаған.

Фармацевтика өнімдері мен жуғыш заттардың бағасы - 0,3%, киім мен аяқ-киім - 0,4%-ға, жеке күтім тауарлары - 0,3%-ға қымбаттады.

Шаштараз қызметі - 1,3%, мейрамхана мен қонақ үй қызметтері - 0,9%-ға, мәдениет саласында -0,6%, білім беру - 0,3%, көлік саласындағы қызмет - 0,2%-ға қымбаттады. Байланыс қызметін көрсету саласы да -  11%-ға қымбаттады.

Ақпан айында салқын су тарифі 3,2%, канализация - 2,6%, орталық жылу -2,5%, қоқыс жинау - 2,3%, электроэнергия -  2,2%, ыстық су - 1,8%, таратылғыш желілер арқылы берілетін газ - 0,3%-ға қымбаттады.

«2011-ші жылдың қаңтарынан бастап тұтыну бағасының индексін (ТБИ) жасағанда азық-түлік тауарларының үлесі - 38,8%, азық-түліктік емес тауарлар - 31,4%, ақылы қызмет - 29,8% болды», - делінген ақпараттық баянда.

Инфляция деңгейін сипаттайтын ТБИ халықтың жеке пайдалануға деп сатып алатын тауарлар мен қызмет бағасының өзгерісін көрсетеді. Тауарлар мен қызмет түрлері 508 позициядан тұрады. Бағаларды тіркеу сауда кәсіпорындарының, барлық облыс орталықтарындағы, Астана мен белгілі бір қалалар мен аудан орталықтарындағы әр түрлі меншік иесіндегі қызмет көрсету саласының іріктелген желісі арқылы анықталады.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2054