Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Анық-қанығы 5332 2 пікір 1 Тамыз, 2018 сағат 13:34

Арон Атабек рақымшылық туралы өтініш жазудан бас тартты

31 шілдеде Павлодардағы түрмеде 18 жылдық жазасын өтеп жатқан диссидент ақын Арона Едігеевпен (шығармашылық лақаg аты - Арон Атабек) адам құқығын қорғаушы Елена Семенова жолықты. Ол Атабектің сағы сынбағанын айтты.

Семенованың сөзіне қарағанда, ол рақымшылық туралы өтініш жазудан бас тартып отыр. Оның үстіне, Атабек 17 шілдеде түрме жазасының үштен екісін өтеген, соның негізінде ол уақытынан бұрын бостандыққа шығуға өтініш түсіруіне болады. 65 жастағы Арон Атабек түрмеде шіруі мүмкін екенін түсінеді, бірақ оны бұл мәселе қатты алаңдатпайды, деді Семёнова.

Арон Атабекті қолжазбаларының тағдыры одан бетер толғандырады. Түрмеде жазған өлеңдерін ол әйеліне, адам құқығын қорғаушы Бақытжан Төреғожинаға және досы - сазгер Бахтияр Аманжолға берген.

Атабек өзінің қолжазбаларына "туған баласындай" қарайды, деді адам құқығын қорғаушы. Ол Семеноваға тағы үш өлеңін берген, бірақ түрме әкімшілігі оларды алып қойып, цензурадан өткенде ғана қайтарылатынын ескерткен.

Арон Атабек биыл ақпараттық вакуумда қалғанын айтқан. Ақынның 65 жасқа толуымен адам құқығын қорғаушы Евгений Жовтистің ғана құттықтауын алған. Хат оған жетпейді. Оған телевизор көруге рұқсат етпейді. Бұған қоса Атабектің киімі әбден тозған, деді Семенова.

2015 жылы 16 желтоқсанда Лондонда Арон Атабектің өлеңдер жинағы ағылшын тілінде Re-Zona-Nce деген атаумен басылып шықты. Оған ақынның "РЕ-ЗОНА-НС" циклындағы өлеңдері енді. 2010 жылы Арон Атабекке Freedom to Create сыйлығы "Түрмедегі шығармашылық иесі" номинациясы бойынша табыс етілді. Атабектің өзің түрмеде отырғандықтан, сыйлықты 2010 жылы қарашада Каирде оның туыстары алды.

65 жастағы Арон Атабек - "Шаңырақ оқиғасы" бойынша ұзақ мерзімдерге сотталған төртеудің ең үлкені. Оны 2006 жылы 14 шілдеде полиция қызметкерінің өліміне әкеп соқтырған жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін соттады. 18 жылдық жазаны ол Павлодардағы түрмеде өтеп жатыр.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053