Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 2921 0 пікір 2 Наурыз, 2011 сағат 03:37

Кедендік одақ жағдайында бірыңғай аграрлық нарық кеңістігін құру мүмкіндігі туып отыр - А.Күрішбаев

ОРАЛ. 2 наурыз. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Кедендік одақ жағдайында бірыңғай аграрлық нарық кеңістігін құру мүмкіндігі туып отыр.

Бұл туралы 1 наурызда ҚР және РФ ауыл шаруашылығы министрліктерінің бірлескен екінші алқа отырысынан кейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті.

Оның айтуынша, бизнес құрылымдары бұрын өз өнімін сыртқа шығару үшін алты рұқсат қағазын алатын болса, қазір бұл жұмыс жеңілдетілді. Яғни олардың бекітілген форма бойынша малдәрігерлік сертификаты болуы керек, екіншіден, реестрге тіркелуі қажет, мұны Қазақстанның малдәрігерлік қызметі жүзеге асырады.

«Ресей жағымен біз өзара сенім негізінде жұмыс жасауымыз керек. Тиісті құжаттар қабылданып, бәрі реттелсе, шекара жабық болмайды. Малдәрігерлік сертификат та бірдей болады. Ресей - нарығы ауқымды үлкен ел. Сондықтан жан-жақты қарым-қатынас жасаудың маңызы зор. Асыл тұқымды мал өсіру, мал бордақылау алаңдарын кеңейту, басқа да жобаларды жүзеге асыру арқылы сапалы өнімді шетке де көптеп шығаруға болады. Ең бастысы, бәрін де заңды жолмен реттеп, нарыққа жол таба білуде», - деді А.Күрішбаев.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2054