Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3762 0 пікір 12 Маусым, 2009 сағат 12:08

Наурызбай батырдың бейіті табылды

Қай Наурызбай дейтін емес. Жалпақ қазаққа ежелден есімі мәшһүр, алты алашқа Шапырашты Наурызбай атымен мағлұм болған, жоңғарға қарсы азаттық күресінің алдаспаны, қазақ қолын Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбайлармен қатар жеңісті жорықтарға бастаған сайыпқыран сардары. Осы қасиетті бабамыздың “мәңгілік жай тапқан жері табылды” деп сүйіншілеп әуелі телефон соққан, содан соң кеше таңертең Алматыдағы қосынымызға архивтің айғақ қағаздарын құшақтай, толқулы көңілмен жеткен жас жігіт, жас та болса көшелі азаматтың қалыбын танытқан Жантас Рашатовтан бұл әңгіменің мән-жайын анығырақ білуге біздің де бейіл білдіріп, асыққанымыз рас еді.

 

Қай Наурызбай дейтін емес. Жалпақ қазаққа ежелден есімі мәшһүр, алты алашқа Шапырашты Наурызбай атымен мағлұм болған, жоңғарға қарсы азаттық күресінің алдаспаны, қазақ қолын Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбайлармен қатар жеңісті жорықтарға бастаған сайыпқыран сардары. Осы қасиетті бабамыздың “мәңгілік жай тапқан жері табылды” деп сүйіншілеп әуелі телефон соққан, содан соң кеше таңертең Алматыдағы қосынымызға архивтің айғақ қағаздарын құшақтай, толқулы көңілмен жеткен жас жігіт, жас та болса көшелі азаматтың қалыбын танытқан Жантас Рашатовтан бұл әңгіменің мән-жайын анығырақ білуге біздің де бейіл білдіріп, асыққанымыз рас еді.

 

– Жантас, мәселенің егжей-тегжейін түсіндірші. Наурызбай батыр бабамыздың сүйегі жатқан жерді іздестіру талабының қайнар бұлағы қайда жатыр?
–Мен өзім Алматы облысы, Сарқан ауданы, Қарауылтөбе ауы¬лының тумасымын. Алдын ала сүйіншілеп айтсам, атақты Ша¬пырашты Наурызбай батыр¬дың осы ауыл қасындағы Қа¬рауыл¬төбе деген төбенің басына жерленгені мұрағат құжаттары¬мен тайға таңба басқандай дәлел¬деніп отыр. Ал бұл жаңалықты ашуға бастаған сүрлеу-соқпаққа келер болсақ, Ұлы Отан соғысы¬ның ардагері, 55 жыл тарих пәнін оқытқан ұстаз, 42 жыл Абай ауы¬лындағы Тасарық орта мек¬тебінің директоры болған менің жарықтық атам Рашат Досжанов әкеме: “Наурызбай батыр көп жылдар осы өлкені жайлап, билік еткен, ол қасиетті бабамыздың бейіті де осы төңіректе болуы тиіс”, деп айтып отырады екен. Жал¬пы ел аузында, сол жыл¬дардағы көнекөз ақсақалдар әңгі¬ме¬лерінде осындай болжамдар бол¬ғанын есейе келе біз де есті¬дік. Өйткені, өз әкем Томас Дос¬жанов та тарих пәнінің мұғалімі, туған ауылымыздағы Қарауыл¬төбе орта мектебінде ұстаздық ете¬ді. Бұл жайдың да өлке тари¬хына құштарлығымыз артуына септігі тимей қалған жоқ.
– Әулеттеріңізбен тарихшы екенсіздер ғой?
– Оныңыз рас. Тіптен, қа¬рын¬дасым Алма 2005 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірерде “Көне Қойлық қаласы” атты дипломдық жұмысына мәлімет жи¬нау барысында осынау көне қала¬ның маңында көптеген қалашықтар болғаны жайлы деректерге жолы¬ғады. Соның төңірегіндегі “Ағарту қа¬лашығы”, “Наурызбай қала¬шы¬ғы” деген атауларға ұшырасады. Бұл өңірде тағы да Наурызбай есі¬мінің ұшырасуы әкеме ой салып, қы¬зықтырады. Шы¬нын¬да да, бұл тегін емес деген тұжырымға келіп, бұл мәліметтің анық-танығына көз жет¬кізу мақсатында жан-жақты деректер іздестіру жұмысына кі¬ріскенбіз. Соның нәти¬жесінде, “Іздеген жетер мұратқа” дегендей, ақ түйенің қарны жарылып, ақсарбас айтар қуаныш¬ты жаңалыққа қолымыз жетіп, іздеген құнды де¬ре¬гіміз 2006 жылы Ре¬сейдің Омбы қаласының архивінен табылды.
– Сонда Шапырашты Наурыз¬бай батырдың сүйегі Сарқанның Қарауылтөбесінде жатқанын бұл¬тарт¬пай айғақтайтын басты құжат қайсы, оның мазмұны қандай?
– Әуелі Омбы архивінен та¬былып, қысқаша көшірмесі әкеме өз қолымнан әкеліп табысталған басты құжат – аға сұлтан Сөк Абы¬¬лайханұлы бастатқан 20 құр¬метті сұлтандар мен билердің мөр¬лері мен таңбалары қойылып, ба¬рон Врангельге 1848 жылы жазған, жер дауына байланысты бір мәсе¬ленің мәнісін түсіндірген хаты. Мұ¬ның үстіне, қолда бар мәліметтерге қосымша айғақ ретінде, 2008 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сту¬денті, қарындасым Майра Досжа¬нова Қазақстанның Мемлекеттік орталық архивінен үстеме құжат-деректер тауып, суретке түсіріп әке¬ліп, алдымызға жайып салды. Мұның бәрін зерделеп, зерттеп, ой елегінен өткізіп, талқыға сала кел¬генде Наурызбай батыр баба¬мыз¬дың Қарауылтөбеде жерлен¬геніне еш күмәніміз қалмады.
Енді хаттың мазмұнына к嬬лейік. Онда Сөк сұлтан Абы¬лай¬ханұлының патша ағ¬замның құзырына 1820 жылы бас ұрға¬ны, бұлармен бірге Шапыраш¬ты, Жалайыр рула¬рының төрт бөлімі Ақсу өзе¬нінің бойында көшіп жүргені, жалпы, осы ара¬да ант бергені айтыла келе, құжаттың үшінші тармағында: “Уй¬суновский волости из отделения Чапрашлы би Нау¬рызбай кочуя с волостями между Аксу и Лепсою здесь умер, и по его именем назы¬вается одна речка – Наурызбай Карасу, которая и поныне сохра¬няет это название, далее и могила Наурызбая поднесь видна на г.Ка¬раул-Тобе”. Яғни, мұның мазмұ¬нын қазақшаласақ: “Үйсін болысы Шапырашты бөлімінің биі Нау¬рызбай Ақсу мен Лепсі өзендерінің арасында көшіп-қонып жүрген және де осы жер¬лерде дүниеден озған, бір өзен-су оның атымен Наурызбай Қарасу деп аталған. Ол атау қазір де сол қалпында сақтал¬ған және де Нау¬рызбайдың мазары Қарауылтөбе тауының үстінен көрініп тұрады”, деп жазылған.
–Бәрекелді, мынау шынында да бұлтартпас деректер екен.
–Иә, осы құжаттан көріп отыр¬ғанымыздай, келтірілген деректе Шапырашты Наурызбай батыр¬дың нақты қай жерде қайтыс болып, жерленгені дәлме-дәл көрсетілген. Архивтен табылып, айналымға қосылғалы жатқан де¬ректің тарихи құндылығы да осын¬да. Бұдан үш жылдай бұрын өмір сүрген батыр бабаның 300 жылдық мерейтойы аталып өтіп, елдік та¬рихымызды түгендеген тәуе묬сіздігіміз жаңа жарқын са¬ты¬ға көтерілген тұста осынау жаңа деректің маңызы зор деп пайым¬даймыз. Барон Врангельге жа¬зылған хатта Наурызбай ба¬тыр¬¬дың би деп аталу себебі, оны ба¬тыр деп атаса пәлеге қалаты¬нын білген. Сөк сұлтан мен оның се¬ріктері 1781 жылы қай¬тыс болған даңқты батырдың мо¬ла¬сын көр¬сету арқылы аталмыш жерлердің ежелден кімге тиесілі екендігін дә¬лелдегісі келген. Қа¬лай болған¬мен де, бұл дерек бо¬лашақта жүр¬гізілетін үлкен зерт¬теулерге негіз болады деген ойда¬мыз. Қасиетті баба басына сәу¬летті ке¬сене-мазар орнату, Қар¬ауыл¬тө¬бені киелі орынға айнал¬дырып абаттандыру, осы орай¬дағы басқа да игілікті шараларды жүзеге асыру біздің перзенттік пары¬зымыз болса керек. Ал қа¬зіргі ең басты қуаныш: Нау¬рызбай ба¬тырдың бейіті табылды! Теңізге қосылған тамшыдай осы бір қысқа ғана сүйінішті хабар ел қорғаған ер баба Наурызбай батырды тану ісіне кішкентай үлес болып қосылып жатса, құба-құп.
–Алғысқа лайықты ізгілікті іс жасаған екенсіңдер, Жантас. Өзің немен айналысасың?
–Мен мамандығым бой¬ынша сәулет-құрылыс инже¬не¬рімін. Қазіргі кезде Алматыда бір құ¬рылыс компаниясының басшысы болып қызмет атқа¬рамын. Со¬нымен бірге аруақты, әулие ата-бабаларымыздың мо¬ла-мазарла¬рын іздеп-тауып, қалпына келті¬руді мақсат тұтқан “Ұлы Ата-Мұра” жеке қорының вице-пре¬зидентімін. Келешекте осы қор¬дың президенті, мұраттас серігім Әбілқасым Молдабайте¬гімен бір¬лесе отырып, бұрынғы өткен ата-бабалар есімін қастер¬леу жолында қарекет жасасақ дейміз.
–Олай болса, ізгі ниеттеріңе лайым сәттілік тілейміз.



Әңгімелескен Қорғанбек АМАНЖОЛ.
«Егемен Қазақстан» газеті 6 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572