Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Әлеумет 5904 2 пікір 2 Тамыз, 2018 сағат 11:11

Билет алыпсатарлығын қалай тоқтатуға болады?

Қазақстандықтар жылма-жыл бір проблемамен жиі кездеседі:жазғы мезгілде билет жетіспеушілігі. Осыған байланысты БАҚ жүйелі түрде билет алыпсатарлығы туралы мәселе қозғайды. Бұл проблеманы қалай шешуге болады? Бұл туралы Nur.kz сайты жазды.

Анығында, жазғы маусымда жолаушылар легі тасқындайды.

Билеттің еркін саудада болмауына байланысты алыпсатар «жәрдемшілер» вокзалдарда тезірек жолға шыққысы келген жолаушыларға билет ұсынады. Азаматтар үстеме бағамен билет сатып алуға мәжбүр болады. Бірқатар билеттер сатылмай қалады. Билеттің еркін саудада болмауына қарамастан пойыздар бос орындармен кетеді.

Бұған қалай жол берілді?

Барлық теміржол билетін сататын кассалар, сайттар мен терминалдар «АСУ- Экспресс» жүйесіне қосылған. Бұл ресейлік сервис (Бағдарлама Кеңес Одағы кезінде жасалған) арқылы кеңес кеңістігіндегі  елдерде билет алу сату жүзеге асырылады.Билетті қайтарған кезде бос орынға «АСУ –Экспресс» жүйесімен билет сатып алуға мүмкіндік ашылады. Алыпсатарлар осы сәтті тиімді пайдаланады. Олар алдын-ала бір топқа немесе жолаушыға билет сатып алады. «Жәрдемшілер» вокзалда клиенттер іздеп, олармен бағасын (тиісті бағадан жоғарыға) келіседі. Сөйтіп, алдын ала сатып алған билетін қайтарып, билет нақты жолаушыға ресімделеді. Ол үшін екі кассир ұйымдасады. Біріншісі, билетті қайтарған бойда екінші кассир қағып алып, босаған орынға жаңа жолаушыны ресімдейді. Мұны барлық кассада жасауға болады. Көптеген адамдар барлық теміржол кассалары «Жолаушылар тасымалы» АҚ қарамағында деп есептейді. Бұған дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілінің айтуынша, Қазақстанда 4,5 мың теміржол кассалары бар. Олардың тек 208-і ғана «Жолаушылар тасымалы» АҚ қарамағында. Мәселен, Астана-1 вокзалындағы 29 кассаның 7-еуі «Жолаушылар тасымалы» АҚ қарауында болса, қалған 22-сі жеке компаниялардың меншігі болып табылады. Жолаушылар агенті болып қызмет атқару үшін теміржол билетін сатуға кез-келген заңды тұлға қарапайым талаптарды орындаса жеткілікті. Мұндай жолаушылар агенттіктері (Жолаушылар тасымалы» АҚ, «Түрксиб-Астана» ЖШС, «Жолаушылар тасымалы» «Тұран Экспресс» ЖШС, «Марал Нұр» ЖШС, «Арлан Транс» ЖШС, «Сұңқар-1» ЖШС, «"Nomads" ЖШС) тасымалдаушы компаниялармен олардың билетін вокзал аумағындағы өз кассалары арқылы немесе вокзал аумағынан тыс жерде сайт арқылы сатуға келісім жасасады. Қазіргі кезде тасымалдаушылар өздерінің проблемаларын өз күштерімен шешуге ынталы. Мәселен, билет қайтару комиссиясы 1000 теңгеге өсті. Билетті алып сатудан «жәрдемшілер» арқылы орындалған билет ақысы мұны толығымен жабады. Бұл өте жоғары үстеме ақы. Яғни, алыпсатарлар тасымалдаушы компанияға билеттің комиссиясын да жауып билетпен қамтамасыз етеді. Соңында тасымалдаушының бірқатар билеттері сатылмай қалып, пойыз вагондары  бос орындарымен кетеді. Бұдан тасымалдаушы компания зардап шегеді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ ұлттық тасымалдаушы ретінде жылда жазда қосымша жазғы маусымға қатысты қосымша бағдарлар шығарады. Соған қарамастан, ұлттық тасымалдаушының шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізуге құзыры жоқ. Оның тарапынан жасалатын бір ғана амал – кассирмен еңбек шартын біржақты бұзу. Соның өзінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға қатысты кассалар жалпы кассалардың 4,6 пайызы ғана. Алайда, әрбір вокзалда желілік ішкі істер бөлімдері бар. Сонымен қатар Қазақстанда көлік саласындағы арнайы мамандандырылған орган көлік прокуратурасы бар. «Жәрдемшілер» қызметін Қазақстан Республикасының әкімшілік кодексінің 449 бабы бойынша қоғамдық орындағы адамға тиісу ретінде ғана қарастырады.

1. Қоғамдық орында кәсіпкерлік нысаны болмағанына қарамастан, басқа адамның мазасын алып, билет сатып алуға мәжбүрлеу, болашағына болжам жасау, қарыз сұрау, сексуалдық қызмет көрсетуге мәжбүрлеу анықталған жағдайда – жеке тұлғалардан бес айлық есептік көрсеткіш деңгейінде айыппұл талап етіледі.

2. Осы әрекетін жыл ішінде екінші мәрте қайталаған жеке тұлғаға - он айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынып немесе бес тәулікке абақтыға жабылады.

Әрине, мұндай аз мөлшердегі айыппұл (5ЕТК -12025 теңге) алыпсатарларды тоқтата алмайды. Алайда, теміржол билеттерін құқық қорғаушылардың «жәрдемшілерден» бақылау жүргізу үшін сатып алуын ұйымдастыруға заң кедергі келтірмейді. Бұл өз кезегінде алыпсатарлық операциясына қатысушылардың барлығын әшкерелеуге мүмкіндік әпереді. Ол үшін алаяқтық үшін бас бостандығынан айыруға болады. Сол арқылы алыпсатарлықты тыюға мүмкіндік ашылады. Басы ашық нәрсе, неліктен құқық қорғау органдары «жәрдемшілерге» дұрыс назар аудармайды. NUR.KZ редакциясы ІІМ, әділет органы мен прокуратураға хат жолдап, теміржол көлігіндегі билеттің алыпсатарлығын жою үшін қандай заң нормалары қолданылатындығын білуге ұсыным жасады. Жауап түскен кезде біз қазақстандықтарды алыпстарлықпен күрестегі жасалып жатқан шаралармен таныстырамыз.

Abai.kz

 

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2060