Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Қылмыс 4772 18 пікір 3 Тамыз, 2018 сағат 09:34

"Ағайынды төртеудің" серкесінің үкімі оқылды

Ақтөбеде қылмыс әлемінде «ағайынды төртеу» деп танылған қылмыстық топтың серкесі Еркін Ізбасар бастаған бірнеше азаматтың соты өтіп, үкімі шықты, - деп хабарлайды Абай-ақпарат 31 арнаға сілтеме жасап.

Еркін Ізбасар 12 жылға сотталды. Атышулы істің нүктесін Ақтөбе облысы қылмыстық істер бойынша халықаралық соты қойды.

Еркін Ізбасардың сенімді серігі деп сипатталған Аухат Қалиевке 11 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы кесілді.

Сотталушылар арасында облыстық ішкі істер департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Рахат Аханов та бар. Сот оны 5 жыл үш ай бас бостандығынан, полковник шенінен және өмір бойы құқық қорғау саласында еңбек ету құқынан айыруға үкім кесті.

Бір сотталушы қылмыс жасалу мерзімінің өтіп кетуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Тағы бір сотталушы екі жылға бас бостандығы шектеліп, рақымшылықпен босады.

Қалған 21 адам 3 жылдан 11 жылға дейінгі мерзімге сотталды. Кейбір сотталушыларға рақымшылық жасалып, жаза мерзімі бір жылдан екі жылға дейін азайтылды.

Еркін Ізбасардың адвокаты Мәди Мырзағараев сот үкімі "тым қатаң" екенін айтып, апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.

Қылмыстық іс, мұнай ұрлығы, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, мұнайды заңсыз тасымалдау, сату және рейдерлік жолмен бизнесті тартып алу баптары бойынша қозғалған еді. Сот процесі тоғыз айға дейін созылған.

Басты фигурант - Еркін Ізбасар. Мүгедектер арбасына таңылған 50 жастағы Ізбасар, елімізде спорт меценаты ретінде аты шыққан. 1998 жылы жол апатына ұшырап, мүгедектер арбасын отырған Еркін, спорттың жекпе - жек түрінен балуандарды дайындап, олимпиадаларға апарған. Сондай- ақ, топтың Ақтау, Алматы қалаларындағы жанар-жағармай материалдарының, киім-кешек базарларының, автотұрақтардың және астық бизнесінің саудасына билік жүргізгені жайлы да мәлімет бар.

«Ағайынды төртеу» өз қатарына құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлерін, ауған ардагерлерін және мансап жолы сәтсіз болған спортшыларды жинағаны және солар арқылы жасақ құрғаны айтылады.

Жария мәліметтерге сүйенсек, Еркін Ізбасар қашып жүрген Бергей Рысқалиевтің туысы екен. Еркін Ізбасар Ақтөбедегі мұнай базасының территориясында арнайы операция жүрген күні, Алматыда ұсталған болатын. Ұ

йымдасқан қылмыстық топтың серкесімен бірге оның оққағары мен жүргізушісі де қасында болған.

Еркін Ізбасар бұған дейін де, яғни 2003 жылы қылмыстық жазаға тартылып, 7 жылға шартты түрде бас бостандығынан шеттетілген. Және дәл сол жылы қылмыстық топ құрған.

Ал «2005 жылдан бастап белгісіз адамдардан қару-жарақ алып, оны сақтаған.

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2061