Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Қауіп еткеннен айтамын 4960 9 пікір 6 Тамыз, 2018 сағат 14:05

Трамп пен Путиннің түсініксіз саясаты

ДДональд Трамп пен Владимир Путиннің Хельсинкидегі кездесуінен кейін республикашыл партияның өкілі Линдси Грэм... телеарнадан сөз сөйлеп, АҚШ президентіне қатқыл ескерту жасады. 

Бұған дейін АҚШ президенті Д.Трамп пен Ресей президенті В.Путинннің Хелсинкидегі кездесуі туралы жазған едік. Сол кездесуде АҚШ президентінің Ресей басшысына қайта-қайта жалпақтауын АҚШ конгресі республикалық партиясының өкілі Линдси Грэм ашып айтты. Тіпті, республикашыл Бен Сасстың өзі Путинге мүлдем сенуге болмайтыны туралы жазды. Мұның сыртында Трамптың Путиннің алдында қайта-қайта салмағын жоғалта бергенін әлемдік БАҚ жарыса жазып жатыр.

Осыдан бірер күн бұрын Трамп 2016 жылғы АҚШ президенттігі сайлауына Ресейдің ықпал етуі туралы әрекеттерді қатаң тексеріп жатқан арнайы прокурор Роберт Мюллерге "бұл туралы тергеуді тоқтату туралы" қатаң ескерту жасады. Артынша сол Роберт Мюллер Огайо штатында "Ресей, Қытай және Солтүстік Корея (мүмкін) АҚШ-тың ішкі істеріне араласып отыр" деп мәлімдеме жасағаны жөнінде NBC телеарнасы хабар таратты.

Осылайша, АҚШ президентінің Ресей президенті алдында сан құбылуын журналистер қауымы да, әлем саясаткерлері де түсіне алмай аң-таң...

Бірер күн ішінде америкалық бір топ сенатор Конгреске Ресейге қарсы жаңа санкциялар туралы заң жобасын ұсынды. Құжат авторларының пікірінше, жаңа санкциялар бұрынғылармен салыстырғанда әлдеқайда қатал болмақ екен. Бұл санкция арқылы Ресей президентінің және оның ең жақын серіктерінің шетелдердегі есеп-шоттары бұғатталады.

Ал, енді Д. Трамп Конгреске қарсы қайтер екен?

"Бұл заңды қолдамауға ол кісінің қақысы жоқ" дейді жағдайды жақсы білетін сарапшы-саясаткерлер.

Бұған Путин тарапынан қандай реакция болады?

Басқаларды қайдам, маған АҚШ президенті Д.Трамптың Ресей президенті В.Путиннің алдында елпең қағатыны бір түрлі түсініксіз.

Ресей билігі үшін АҚШ салғалы отырған бұл санкция – ең ауыр санкция. Егер жағдай шындап қиындаса, кім кімді «ұстап» берер екен?

Иә, екі алып мемлекет басшылары туралы құпияны - тек Уақыт әмірші ғана біле ме?..

Сонымен,  Трамп  пен Путин түсініксіз саясатында «қандай сыр» бар?..

Жұмаш Көкбөрі

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2055