Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Осы ғой енді... 5365 7 пікір 7 Тамыз, 2018 сағат 12:09

Қостанайды жаулауға тағы да Ресей жұлдыздары келе жатыр...

Қостанай қаласының әкімдігі жыл сайын бір шала бүлініп қалады. Онысы қалыптасқан дәстүр бойынша тамыз айының аяғында міндетті түрде аталып өтетін «Қала күні» дейтін мерекеде айды аспанға шығаратындай даңғойлықты бастап жібергенінен анық байқалады. Мұның ең маңызды бөлігі - өлсең де, тірілсең де көршіміздің әншілерінің бірін шақырып, осындағы өзге жұртқа бір жағынып қалу. Бұл үшін қандай да шығыннан аянбайды. Олар қанша қомақты ақша сұраса да бір ауыз сөзге келместен ұстата салады. Және де бұл «дәстүр» еш уақытта бұзылған емес.

Облысты басқарған Кулагин кезінде де, өз «перзентіміз» Сәдуақасов басқарғанда да дәл осылай болды. Енді міне Архимедіміз де (қазіргі басшымызды айтам) алдыңғылар салған жолмен зулатып келеді. Не дейміз енді өңір тізгінін ұстаған жас басшымызға. «Алдынан жарылқасын» дейдік те қойдық. Біздің қолдан не келеді? Оның үстіне әкіміміз еш уақытта журналистерді көзге ілген емес, олардың жазғандарын оқыған да емес. Бұрынғыдай облыстағы журналистермен кездесіп, арнайы сұхбат өткізу дегенді ұмытқанымыз қашан? Бұл әкіміміздің «құпия» жұмысының жемісі.

Архимед Мұханбетов

Биыл, міне, тамыздың 25 күні өтетін бұл мерекеде де сол даңғойлық одан әрі жалғасатын түрі бар. Мұны қалалық әкімдіктің мәдениет бөлімінің басшысы Айсұлу Әубәкірованың қуана хабарлаған сөзінен ұқтық.

"Қостанайдың тойын дүркіретеді" деген "Комбинацияның" әншілері... міне, осылар

 - Мерекеміз Ресейдің «Комбинация» тобының өнер көрсетумен аяқталады, -дейді ол. - Бүгін олардың келетіндігі туралы анық білдік. Топтың мүшелері де бұрынғыдай. Онда Алена Апина міндетті түрде болады.

Апинаның міндетті түрде болатынына жергілікті билік қанша қуанғанымен, бұл шаттықты біз бөлісе алмадық. Өйткені біреудің қаңсығына таңсық болудың аяғы неге әкеліп соғатынын болжау қиын емес шығар. Қайран қазақтың байлығы десеңізші, Ресей жұлдыздарын жарылқап жатқан. Осы өзімізді қор санап, өзгелерді зор санайтын құлдық психологиядан қашан құтылар екенбіз?

Жайберген Болатов, Қостанай

Abai.kz

  

 

7 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2057