Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Деп жатыр 4962 10 пікір 8 Тамыз, 2018 сағат 10:03

Вице-министрдің қырық өтірігі. Дизель қымбаттай берсін, диқандар былқ етпейді...

ҚР энергетика вице-министрі Болат Ақшолақов жағармайдың, дұрысы дизель отынының  қымбаттауы диқандарға кедергі келтірмейді деді. Кейде біздің шенді-шекпенділердің осындай күлкілі мәлімдемелерін жоққа шығарып, сөз шығындаудың қажеті жоқ. Өзі не айтты, соны сол күйінде оқырманға ұсынсаң да жеткілікті. Вице-министрдің ресми жаңылтпашын оқып көріңіздер. 

Вице-министрдің сөзіне сенсек, АЖҚС-тарда дизель отыны бағасының өсуі заңды құбылыс көрінеді.

Энергетика вице-министрі дизельдік отынды тұтыну көлемінің артуының негізгі факторларын айта келіп, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (АШТӨ) мұнай өнімдерін ұстаушылар тарапынан берілетін едәуір жеңілдік бар деді.

Болат Ақшолақов, ҚР энергетика вице-министрі:

- АШТӨ үшін дизель отынына деген арзандатылған бағаларды заңнамалық бекіту құзыреттілігі Энергетика министрлігінде ауыл шаруашылығы үшін қарастырылмаған. АШТӨ-ге мұнай өңдеу зауыттарынан дизель отынын жөнелту басымдықпен іске асырылады. Сонымен қатар, жөнелтілген отынды бақылау және оған мониторинг жүргізу тәулік сайын орындалады. Энергетика министрлігі 2018 жылғы дала жұмыстарын тұрақты әрі уақытылы жүргізу үшін АШТӨ-ні жан-жақты қолдау шараларын қабылдап жатыр.

Сонымен қатар, 2018 жылдың дала жұмыстарын уақытылы жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында Энергетика министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, «2018 жылдың дала жұмыстарына дизель отынын жеткізу бойынша облыстарды МӨЗ-ге бекіту кестелерін» әзірледі. Оның аясында АШТӨ-ге арналған жалпы өтінім толық көлемде қанағаттандырылды және 769,4 мың т көлемінде бекітілді. Осылайша, фермерлерге дизельдік отын көктемде егіс жұмыстарына және күзде астық жинауға жеткізіледі. Жыл басында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 375 мың тонна дизельдік отын бөлінді. Күзгі жұмыстарға 394,4 мың тонна болады.  

Энергетика министрлігінің ақпаратына сәйкес, жеткізу кестесі шілде–қазан аралығына белгіленген.

Осы жылдың шілде айындағы жеткізу жоспары 112,2 мың тонна көлемі кезінде жөнелтілім 90,2 мың тоннаны немесе 80,4% құрады. Жөнелту ақысы төленген көлемге сәйкес тұрақты түрде жүргізіледі. Осы жылдың 6 тамызындағы жағдай бойынша дизель отынының жиынтық қоры 255,8 мың тоннаны құрайды, оның ішінде 193,1 — республиканың мұнай базаларында. Сонымен қатар, Аи-92 бензинінің қоры 347,9 құрайды, оның ішінде республиканың мұнай базаларында — 299,7.

«Бүгінде бұл көлем толығымен облыстар бойынша бөлінген. Дизель отынына қойылған бағалар мемлекеттік деңгейде реттелмейді. Баға нарықта қойылуда. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қатысты бағаларға ешқандай да мемлекеттік субсидиялау қарастырылмаған. Осыған қарамастан, мұнай өнімдерін ұстаушылар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне айтарлықтай жеңілдік жасады. Мәселен, дизель отынының бөлшек сауда бағасы 1 литріне 183–187 теңге болса, ауыл шаруашылығының қажеттіліктері үшін ресурс сақтаушылар дизельді зауыттан 150 теңгеден шығарып жатыр.

Түйін

Вице-министрдің сол 150 теңгеден шығарып жатқан жағармайы осыны оқып отырған қай халыққа, қай диқанға жетіп жатыр екен? Айтыңыздаршы! Егістік уақыты жақындағанда басқаны былай қойып, ең қажетті дизельді қымбаттатып жіберу экономикалық диверсия деп қалды экономистер. Ал, вице-министр... Осыны министрдің өзі неге мәлімдемейді? 

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

 

10 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052