Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4106 1 пікір 8 Тамыз, 2018 сағат 14:59

Бес мемлекетті байланыстырған - бір Каспий

Бес мемлекетті байланыстырған - бір Каспий. 11-12 тамыз Ақтауда Каспий маңы елдерінің саммиті өтеді. Қазақта тойдың боларынан боладысы қызық демей ме?! Қызу дайындық қыста басталып кетті десем де болады.

Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың тікелей қадағалауымен теңіз жағасы түзелді, жолдар мен көшелер жарқырай түсті, көп құрылыстар бой көтерді. Халық демалатын орындар пайда болды. Бұл жай жиын емес, тариxи сипатқа ие маңызды бас қосу.

5 мемлекеттің Президентінің қатысуымен өтетін саммитте Каспийдің бүгіні мен болашағы талқыланып, мемлекеттерге тиесілі шекара айқындалады деп күтілуде.

Бұл 20 жылдан бері 5 мемлекеттің бір мәмілеге келе алмай жүрген 5-саммиті.

Дәл осы Ақтауда өткізілетін жиын ұзаққа созылған келісімшартқа қойылатын оңтайлы нүкте болады деген ниеттеміз. Қазақ елінің қонақжайлығы мен кең ниеті осындайда бағаланбақ. Маңғыстау облысы әкімдігі тарапынан Елбасы ұстанған саясатты жүзеге асыра отырып, Ақтау саммитін xалықаралық деңгейде өткізіп шығуға бар күш-жігерімізді салудамыз. Іске сәт!

Құрманбек Жұмағалидың Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377