Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 2846 0 пікір 4 Наурыз, 2011 сағат 01:49

Әділет министрлігі қаржы министрлігіне мемлекеттік органдардың заң жобаларын сараптамадан өткізуге деп бөлінген қаражатты қаншалықты тиімді жаратып жатқанын бірлесіп тексеруді ұсынды

Астана. 3 наурыз. ҚазТАГ - Арсен Бектасов. Әділет министрлігі қаржы министрлігімен бірлесіп мемлекеттік органдардың заң жобаларын сараптамадан өткізуге деп бөлінген қаражатты қаншалықты тиімді жаратып жатқанын тексеретінжұмыс тобын құрмақшы, деп министрліктің ресми өкілі Ерболат Ерімбет мәлім етті.

«Жүргізілген талдама жыл сайын салалық министрлік пен ведомстволардың әр түрлі қолданбалы зерттеулеріне орасан зор бюджет қаражаты бөлінетінін көрсетеді. Осыған байланысты әділет министрлігі қаржы министрлігімен бірлесіп сол бөлінген қаражаттардың пайдалану тиімділігіне тексеру жүргізеді», - деді Е, Ерімбет бейсенбі күнгі брифингте.

Оның айтуынша, әділет министрлігі «қаржы министрлігіне бірлескен жұмыс тобын құру туралы ұсыныс жіберген».

«Осындай ұсынысты жақында қаржы министрлігі де үкіметке түсірді және қазір біз аталған мәселені қарастыратын боламыз. Не бірлесіп жұмыс тобын құрамыз, не олар өз тарапынан тексеріп, кейін өздерінің талдама қорытындысын салып жібереді, ал біз оны шешетін боламыз», - деді әділет министрлігінің өкілі.

Оның айтуынша, қаржы министрлігі әрбір зерттеуге жаратылған қаражатқа тексеру жүргізеді, сондай-ақ «жалпы ғылыми талдаманың тиімділігіне (тексереді - ҚазТАГ)», - деді Е. Ерімбет.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2060