Жұма, 25 Қыркүйек 2026
46 - сөз 6073 1 пікір 12 Тамыз, 2018 сағат 21:51

Біздің халық неге аз өмір сүреді?

Біздің халқымыздың өмірінің ұзақтығы 60-тың маңайында, ал көптеген өркениетті елдерде 80-нен асады!

Себебі неде деп ойлайсыздар?

(Бізде медицина нашар, әлеуметтік жағдай жаман деген комментерді жазбай-ақ қойыңыздар). Табиғат аясынан біздің қара көздерді, таңертен ерте тұрып жүгіріп жүрген қара көздерді көре алмайсыз! Соның салдары емес пе?
⠀
Сонау ықылым заманнан бері, адам баласы ұзақ өмір сүрудің жолын қарастыруда. Кезінде осы қағиданың негізі болған Аристотельдің іліміне сүйенсек: «Жанды дене қозғалмаса өледі» деген тұжырымдамасы сол дәуірден бері адамзаттың ұзақ жасауының, яғни, салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болып табылады
⠀
Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша адам денсаулығының 10% — дәрігерлік көмектен, 15% — тұқым қуалаушылықтан, 25% — қоршаған ортадан, ал 50% — адамның өзіне, өмір сүру қалпына байланысты екен
⠀
Денсаулықты сақтап, ұзақ өмір сүрудің бір-ақ жолы бар. Ол — салауатты өмір сүру салты. Өмірлік күш — қозғалыста. Өршіп аққан тау өзенін мысалға алайық. Су мұраты - жету. Ағын су­дың арамы жоқ. Соның бәрі - үздіксіз қимыл-қозғалыстың арқасы. Ақпаған су борсып, сасиды.
⠀
Сондықтан адам баласы үнемі қозғалыста болу керек . Табиғат аясына саяхатқа шыққан адам баласына күнделікті күйбең тіршілікті ұмыттырады, жүйкесі қалыпқа келеді
⠀
Салауатты өмір сүруге бізге ешкім кедергі жасап жатқан жоқ! Менің 100-ден аса танысым бар жақын танитын. Соның ары кетсе 5% cалауатты өмір сүреді, қалғаны өз өмірін, өз денсаулығын құртып жатқан адамдар: Темекі шегеді, арақ-шарап ішеді, артық тамақ жейді, көп жатады, артық салмағы бар, табиғат аясында саяхаттау, спортпен айналысу миларына да кірмейді!
⠀
Кінәні сырттан іздейді де, жасы ұлғайған соң ауру сырауды жамап алып, өмірінің сапасы сапа емес, қапа болатынын ойлағысы да келмейді! Ешқандай қаражат талап етпей-ақ дұрыс та, салауатты өмір салтын кез-келген адам қалыптастыра алады! Таңертең ерте тұрып дене шынықтырумен айналысудың, зиянды тамақ пен сусын ішпеудің еш қиындығы жоқ!
⠀
Бойға біткен жалқаулық сорлылық, содан құтылу керек!
Жастарға айтатыным: Жастарың ұлғайғанда сапалы өмір сүргілерің келсе, салауатты өмір сүруді қазірге кезден қолға алыңдар!

Ахметбек Нұрсиланың Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1461
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3077
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1087
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1014