Өркен Кенжебек. Алаштың Әлиханын Астанада еске алды
Бүгін, яки 5 наурыз қазақтың алғашқы үкіметінің басшысы болған Ә. Бөкейханның туған күні екенін біреу білсе, біреу білмес. Биыл Алаш ардақтысының туғанына 145 жылдың жүзі толып отыр. Бұл бір жағынан, ел тәуелсіздігінің 20 жылдығымен тұспа тұс келіп отырса, екінші жағынан Алаш зиялылары Жақып Ақбаевтың туғанына 135 жыл, ал Әлімхан Ермековтің дүниеге келгеніне 120 жыл толады екен. Айтарымыз сол, Астана қаласындағы «Отан-Ана» монументінде Әлихан атамызды еске алу рәсімі өтті. Жасырып жауып қайтеміз, жиынға бас-аяғы 40-45 адам қатысты. Бұған да шүкіршілік дей отырып, сөз бастаған жас алаштанушы Серік Жолдасбай «Негізі, Алаш ардақтысы Ә. Бөкейхан ескерткішінің алдында бас қосуымыз керек еді. Бұл әрине «Отан ана» монументін қомсынып отырғанымыз емес. Қазақта «Алыпта анадан туады» деген қанатты сөз бар емес пе? Әлихан да анадан туды. Әйтсе де, 2011 жылдың аяғына дейін Әлихан Бөкейханға арнап ескерткіш ашу және алаш ардақтысының 145 жылдық мерейтойын республика көлемінде атап өту керектігін Астаналық жастар жауапты азаматтарға ескертеді», - деді. Ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Серік Тұрғынбекұлы мен Ықылас Ожай отты жырларынан оқыса, саясаттанушы Әбдіжәлел Бәкір, «Ақ жол» партиясының лидері Әлихан Бәйменов те Әлихан атаға сөздерін арнап жатты.
Бүгін, яки 5 наурыз қазақтың алғашқы үкіметінің басшысы болған Ә. Бөкейханның туған күні екенін біреу білсе, біреу білмес. Биыл Алаш ардақтысының туғанына 145 жылдың жүзі толып отыр. Бұл бір жағынан, ел тәуелсіздігінің 20 жылдығымен тұспа тұс келіп отырса, екінші жағынан Алаш зиялылары Жақып Ақбаевтың туғанына 135 жыл, ал Әлімхан Ермековтің дүниеге келгеніне 120 жыл толады екен. Айтарымыз сол, Астана қаласындағы «Отан-Ана» монументінде Әлихан атамызды еске алу рәсімі өтті. Жасырып жауып қайтеміз, жиынға бас-аяғы 40-45 адам қатысты. Бұған да шүкіршілік дей отырып, сөз бастаған жас алаштанушы Серік Жолдасбай «Негізі, Алаш ардақтысы Ә. Бөкейхан ескерткішінің алдында бас қосуымыз керек еді. Бұл әрине «Отан ана» монументін қомсынып отырғанымыз емес. Қазақта «Алыпта анадан туады» деген қанатты сөз бар емес пе? Әлихан да анадан туды. Әйтсе де, 2011 жылдың аяғына дейін Әлихан Бөкейханға арнап ескерткіш ашу және алаш ардақтысының 145 жылдық мерейтойын республика көлемінде атап өту керектігін Астаналық жастар жауапты азаматтарға ескертеді», - деді. Ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Серік Тұрғынбекұлы мен Ықылас Ожай отты жырларынан оқыса, саясаттанушы Әбдіжәлел Бәкір, «Ақ жол» партиясының лидері Әлихан Бәйменов те Әлихан атаға сөздерін арнап жатты. Осы шараға ұйытқы болған ұлтшыл жастардың «бүгінгі заман талабы тудырып отырған буын» екенін еске сала отырып, еске алу рәсімінде Құран оқылып, гүл қойылды.
«Абай-ақпарат»