Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
4121 6 пікір 14 Тамыз, 2018 сағат 09:58

СІМ Каспий конвенциясының неге жарияланбағанын түсіндірді

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Азаттыққа Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтайтын конвенцияның жергілікті ресми сайттарға неге жарияланбағанына қатысты пікір білдірді.

- [Қазақстандық] бірде-бір сайтта жоқ. Қазақстан заңдарына сай күшіне енбеген құжаттарды жариялай алмаймыз. Келісім Қазақстан парламенті ратификациялағаннан кейін, келісімге қол қойған барлық елдер ратификациялаған соң күшіне енеді. Бұл Қазақстанның "Халықаралық шарттар" заңында көрсетілген. Келісім Қазақстан парламенті ратификациялаған соң жарияланады, - деді министрлік өкілі.

Ал 13 тамызда Ресей президентінің ресми сайты Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтайтын конвенцияны жариялады.

12 тамызда Ақтауда бес ел басшылары Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтайтын конвенцияға қол қойған. Құжат теңізбен шектеспейтін елдерге Каспийде әскер орналастыруға тыйым салады.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1123
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2658
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 777
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 741