Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3482 0 пікір 12 Маусым, 2009 сағат 12:19

Қойшығара САЛҒАРАҰЛЫ. ҰЛТ ҰЛЫ

Мен бұл ма¬қалада қатардағы шағын бизнес өкі¬лі Хайролла Ғаб¬жалилов деген азамат туралы ай¬тайын деп отыр¬мын. Оның тіке¬лей өз бастବма¬сымен, жанқал¬та¬сынан жыл сайын миллондаған тең¬ге қаржы шығарып, халқымыздың этностық тарихын зерделейтін тәуелсіз “Алаш” атты арнайы та¬ри¬хи-зерттеулер орталығын ашуы – ұлттың рухани қажеттілігін өтеуге үлес қосуды бәрінен жоға¬ры қоя білген нағыз ұлтжанды¬ларда ғана болатын құрбаншыл¬дықтың үлгісі. Отарлау бұғауынан жаңа ғана босап, азаттық алған тәуелсіз елінің жұртшылығына тарихи сананы қалыптастырудың, ұрпақты тарих тағылымымен тәр¬биелеудің ауадай қажеттігін бар болмысымен сезінген шынайы ұлтжанды азамат тиыннан теңге құрап, біреуін екеу етуді мұрат тұтқан бизнестік жеке мүддесін ұлттық мүдде жолына бұрып, маң¬дай терімен құраған бар қар¬жысын ұлт игілігі жолына салуда.
Бұл – сырттан келіп қазақтың бар байлығын бауырына басып, тым қысқа уақыттың ішінде мил¬лиардер аттанған ірі алпауыт¬тардың бірде-біреуінің қолынан кел¬меген, тіпті ойына да орал¬май¬тын шын мәніндегі азаматтық ерлік еді.

Мен бұл ма¬қалада қатардағы шағын бизнес өкі¬лі Хайролла Ғаб¬жалилов деген азамат туралы ай¬тайын деп отыр¬мын. Оның тіке¬лей өз бастବма¬сымен, жанқал¬та¬сынан жыл сайын миллондаған тең¬ге қаржы шығарып, халқымыздың этностық тарихын зерделейтін тәуелсіз “Алаш” атты арнайы та¬ри¬хи-зерттеулер орталығын ашуы – ұлттың рухани қажеттілігін өтеуге үлес қосуды бәрінен жоға¬ры қоя білген нағыз ұлтжанды¬ларда ғана болатын құрбаншыл¬дықтың үлгісі. Отарлау бұғауынан жаңа ғана босап, азаттық алған тәуелсіз елінің жұртшылығына тарихи сананы қалыптастырудың, ұрпақты тарих тағылымымен тәр¬биелеудің ауадай қажеттігін бар болмысымен сезінген шынайы ұлтжанды азамат тиыннан теңге құрап, біреуін екеу етуді мұрат тұтқан бизнестік жеке мүддесін ұлттық мүдде жолына бұрып, маң¬дай терімен құраған бар қар¬жысын ұлт игілігі жолына салуда.
Бұл – сырттан келіп қазақтың бар байлығын бауырына басып, тым қысқа уақыттың ішінде мил¬лиардер аттанған ірі алпауыт¬тардың бірде-біреуінің қолынан кел¬меген, тіпті ойына да орал¬май¬тын шын мәніндегі азаматтық ерлік еді.
Осындай азаматтық ерліктің нәтижесінде өмірге келген “Алаш” ғылыми-зерттеу орталы¬ғы, міне, алтыншы жылға аяқ басып барады, әуелдегі көздеген нысанасынан аумай, кездескен кедергілердің бәрін ұлтын сүйген ұлық махаббаттың күшімен же¬ңіп, қазақ халқының шынайы тарихын, сол арқылы түбі бір түр¬кі халықтарының ортақ этника¬лық тарихын қалпына келтіру жо¬лында жемісті еңбек етіп келеді. Осы аз уақыттың ішінде Орталық қазақтың іргелі тайпаларының тарихына арналған 27 кітапты жарыққа шығарған. Екі кітап баспаға берілуге дайын тұр. Алда монографиялық зерттеулерден тұратын мұндай кітаптардың саны 92-ге жетпек. Бұл айтуға оңай болғанмен, арнайы ғылыми-зерт¬теу институттарының өзі жүрек¬сінетін өте қиын шаруа. Орталық ұжымының осындай мол рухани қазынаны игеріп, қазақтың ру¬лық-тайпалық жүйесін, оның эт¬но¬әлеуметтік құрылымын қалып¬тастыратын табиғатын ашып бер¬ген зерттеу еңбекті том-томдап шығарып жатқаны еріксіз қайран қалдырады. Бұл ретте төңірегіне ұлтына өзіндей жан-тәнімен берілген тарихшы ғалымдарды топтастыра білген Х. Ғаб¬жали¬ловтің ұйымдастырушылық қа¬бі¬летінің ықпалын ерекше атаған жөн. Қазіргі таңда орталықта елімізге есімдері белгілі, тарих ғы¬лымдарының докторы Талас Омарбеков, тарих ғылымдарының кандидаттары Берекет Кәрібаев, Меңдігүл Ноғайбаева, Нұрлан Дү¬кенбаев секілді білікті маман¬дардың бірі басшы, бірі қосшы болып, ортақ мақсатқа орайласа, уақытпен санаспай еңбек етіп жатқаны осының айғағындай.
Тағы бір сүйсінерлігі, Хайролла Ғабжалиловтің орталықта еңбек ететін 20 адамның бәрінің алаңсыз бірыңғай шығармашылықпен жұмыс істеуіне толық жағдай жасап үлгергені дер едік. Орталықтың өзінің республика деңгейінде әзірге теңдесі жоқ, тек өздерінің қажетін өтеп отырған төрт мыңға жуық өте сирек кездесетін қолжазбалар мен кітаптардан тұратын бай кітапха¬насы және қазіргі заманның озық техника үлгілерімен толық жаб¬дықталған жұмыс орыны болып табылатын жеке меншік ғимараты бар. Ең ғажабы, Санкт-Петербург, Мәскеу, Уфа, Қазан, Орынбор, Таш¬кент қалаларының және Қазақ¬стан Республикасының барлық кітапханаларымен, мұрағаттарымен тұрақты байланыс орнатылған, қажетті деректі интернет арқылы қолма-қол алу мүмкіндігі жасалған.
Орталықтың өз жұмысына Қа¬зақ¬стан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Тарих толқынында” атты еңбе¬гіндегі “Ру шежіресін білу – сахара төсінде көшіп-қонған қазақтар үшін өмірлік қажеттілік. Қазақ халқының рулық, тайпалық, жүздік қауымдастық біртұтас ғажайып бітімі ғасырлар бойы бүкіл қазақ – бір атаның ұрпағы, бір тамырдың бұтағы деген ұстаным бойынша өсіп, өркендеп отырған” деген сө¬зін басшылыққа алып, соның өмір шындығы екенін өздері шығарған әрбір зерттеу еңбектері арқылы дә¬лелдеуді мақсат етіп қойғаны бай¬қалады. Сол мақсатты жүзеге асыру үшін қазақ халқының негізін құра¬ған қырықтан астам іргелі тайпа¬ның тарихын түбегейлі зерттеп, олардың әрқайсысына жеке-жеке бірнеше монография арнамақ. Қа¬зір соның, жоғарыда айтқаны¬мыздай, біразы жұртшылық қолына тиіп те үлгерген.
Осы орайда қазақ халқының тарихын танып-білуді оны құраған ру-тайпаларының жеке-жеке тари¬хын жан-жақты зерттеп, анықтау арқылы жүзеге асыруды респуб¬ликада, өз қалауларымен, алғашқы болып қолға алып отырған орта¬лықтың жұмысына Елбасы¬ның арнайы назар аударғанын да зор ілтипатпен атап өткен жөн. Орта¬лықтың алғашқы зерттеу¬лері¬мен танысып шыққан Елбасы өзі¬нің ризашылығын білдіріп, арнайы хат жолдап, бастамашыл ұжымның жұмысына қолдау білдірген. Соның нәтижесінде өткен жылы “Алаш” тарихи-зерттеу орталығының “Қа¬зақ¬стан тарихы этникалық зерт¬теулерде” атты жобасы республика¬лық “Мәдени мұра” бағдарлама¬сына еніп, сол жобаның алғашқы үш томы жарыққа шығыпты. Бұл игі іс одан әрі жалғасын таппақ.
Бастаған істерін баянды етіп, зерт¬теу жұмысын жан-жақты жетіл¬діріп байыта түсу мақсатында “Алаш” ғылыми-зерттеу орта¬лы¬ғының ұжымы 2008 жылы Л.Н.Гу¬милев атындағы Еуразия ұлттық университетінің “Еуразия” гума¬нитарлық ғылыми-зерттеу орталы¬ғымен және осы университеттің “Отырар кітапханасы” ғылыми орта¬лығымен біріккен халықаралық ғылыми экспедицияға қатысып, қазақ және түркі халықтарының не¬гізін құраған ежелгі ру-тайпа¬лар¬дың отаны болған Орталық Азияны аралап, зерттеу жұмыстарын жүр¬гізіп қайтыпты. Бұл сапардан ол¬жалы қайтқан “Алаш” тарихи-зерттеу орталығының ғалымдары орта ғасырда Моңғолия жерін ме¬кендеген байырғы тайпаларға қа¬тысты жинаған материалдарын қа¬зір ғылыми зердеден өткізіп, жа¬зылып жатқан зерттеу еңбектерін жаңа деректермен толықтыру үс¬тінде.
“Алаш” тарихи-зерттеу орта¬лығы 2005 жылдың тамыз айынан бастап тағы бір игілікті істі қолға алыпты. Олар орталық жанынан екі айда бір рет шығатын “Алаш” та¬рихи-этнографиялық ғылыми жур¬налды шығарып келеді. Бұл жур¬налды шығару да сол баяғы ұлттық рухты оятып, жастарды тарих тағылымы арқылы отансүйгіштік, патриоттық сезімде тәрбиелуді көз¬деген игі мақсаттан туған. Журнал¬дың аз уақыттың ішінде соңғы жылдары жарық көріп жатқан әр түрлі ғылыми-көпшілік журнал¬дардың арасында шоқтығы биік, өзіндік бет-бейнесі айқын дара¬ланған басылымға айналғанын көзіміз көріп отыр.
Журнал бұл күнде “Алаш” та¬рихи-зерттеу орталығында жасалып жатқан ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жедел жариялап отыру арқылы орталықтың шын мәніндегі үніне, ықпалды насихатшысына айналып келеді. Ол орталық үшін шолғыншылық қызмет атқарып, қалың көпшіліктің ғылыми ме¬кеменің еңбектеріне деген қызығу¬шылығы мен ынта-ықыласын ауда¬руға айтарлықтай үлес қосса, ал жалпы оқырман үшін жариялаған материалдарының ғылыми дең¬гейінің жоғарылығымен, танымдық деректерінің молдығымен құнды. Бұл журналдың өзге басылым¬дардан басты ерекшелігі де осында болса керек.
“Алаш” тарихи-этнографиялық ғылыми журналында негізінен кешегі кеңестік жүйе кезінде зерт¬теуге тыйым салынған тақырыптар сөз болады. Оны оқырман жур¬налдың мазмұнында берілген түрлі айдарлардан да анық аңғара алады. Мысалы, “Тарихи тұлғалар” немесе “Азаттық үшін алысқандар” атты айдардан ел тұ¬тастығы мен бо¬лବшағы үшін кү¬рескен ұлтжанды азаматтардың жан¬қиярлық іс¬тері мен өнегелі өмір жолдарын оқып, біле алады. Ал “Ата-баба дәс¬түрі” айдарынан қазақ халқының ғасыр¬лар сүзгі¬сі¬нен өтіп жетілген, та¬мыры те¬рең¬нен бастау алатын салт-дәс¬түрі, әдет-ғұрпы туралы деректі мате¬риалдар оқуға мүмкіндік бар. Қазақстан жерін ежелден мекен¬деген ру-тайпалар мен қазақ хал¬қы¬ның негізін құраған тайпа¬лардың шығу тегіне, атауларына, құрылымдық ерекшелігіне арнал¬ған тұрақты беріліп тұратын зерт¬теулер “Ру тайпалар құпиясы”, “Этноним тегі”, “Қазақты құра¬ған тайпалар” тәріздес айдарлары аясына шоғырланған. Сондай-ақ қазақтың ауызша тарихындағы ру¬лар шежіресінің қалыптасуы, ру-тайпалар құрылымындағы ұқ¬састықтар мен ерекшеліктер “Ше¬жіреге ғылыми көзқарас” ай¬дары арқылы беріліп, жан-жақты ғылыми түрде талданып, жүйелі баяндалады.
Журналда жарияланған мате¬риалдардың қай-қайсысы болса да, ру-тайпалар тарихын білу – кешегі кеңестік идеологтардың бай¬балам салғанындай, руға, жүз¬ге бөлінудің емес, керісінше қо¬ғамның біртұтастығына, бірлікке қызмет етіп, ұрпақты туыстық бау¬ырмалдыққа баулитын ық¬палды тетік екенін, “жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жейді” деген халықтық қағиданың өмір шындығы екенін дәлелдейді.
Иә, тізбелей берсек, “Алаш” тарихи-зерттеу орталығының аз уақытта тындырған, алда әлі тын¬дыратын жұмыстары баршылық. Оның шет жағасы айтылды да. Ендігі мәселе – осынау ұлтжанды бір азаматтың жеке бастама¬сы¬мен, құрбаншыл тәуекелімен ша¬ңырақ көтеріп, тартымды тамаша іс¬терімен таныла бастаған ғылы¬ми мекеменің алдағы ғұмырының ұзақ болуына байланысты. Түрлі өндіріс орындарының тетігін өз қолына шоғырландырған ірі алпа¬уыт емес, қатардағы қарапайым бизнесменнің қанша жерден құр¬баншыл болғанымен, жыл сайын аса мол қаражатты тілейтін бір ғылыми-зерттеу институтының ша¬руасын одан әрі ойындағыдай жалғастыра беруге шамасының жетпеуі әбден мүмкін. Сондықтан Үкімет бұл мәселені осы бастан өз қолына алып, Орталықты бюд¬жет есебінен қаржыландыру мүм¬кіндігін қарастыруы қажет. Ал “Алаш” тарихи-зерттеу орталығы¬ның алда тындырылуға тиіс деп жоспарлап отырған зерттеулерінің отарлаудың ойранынан есеңгіреп шығып, енді ғана ес жиып, да¬мыған елдердің қатарына қосы¬лудың қамын жасап жатқан елі¬міздің мызғымас біртұтастығын сақтауға, жас ұрпағын отан¬шыл¬дыққа, мемлекетшілдікке, білік¬тілікке тәрбиелеуге қызмет ететіні кім-кімге де түсінікті болса керек.

 

 

Қойшығара САЛҒАРАҰЛЫ, ғалым-жазушы.
«Егемен Қазақстан» газеті 10 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1492
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3261
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5584