Жұма, 1 Наурыз 2024
Жанайқай 7764 3 пікір 14 Тамыз, 2018 сағат 14:14

Қарқарада отставкадағы қаржы полицейі екі адамды құлдықта ұстап отыр

Редакциямызға Алматы облысы, Кеген ауданы, Қарқара ауылынан Қанат есімді азамат хабарласты. Айтуынша, Мәлік Мейірманов есімді жеке кәсіпкер қарамағындағы малшыларға үш жылдан бері жалақысын бермеген. Тіпті, кейбір өлген малдарын солардың мойнына іліп, ұрып-соғатын көрінеді.

Қанат, (жеке бас қауіпсіздігі  үшін аты-жөнін жасыра тұруды өтінді, бізде оның дауыс жазбасы мен шын аты-жөні бар):

- Қарқарада адамдарды құлдықта ұстайтын  Мәлік Мейірманов негізінен Шонжының адамы. Бұрын қаржы полициясында қызмет еткен. Қазір - отставкада. Жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Жайлауы - Қарқарада, қыстауы - Шонжыда.

2015 жылы Мейірмановтың қарамағында істеп, бес жыл бойы жалақысын алмаған малшылар туралы Жас Алаш газеті  “Қарқара  қуғындары”  деген атпен мақала жариялапты. Ол кезде де малшыларды ұрып, жала жауып, күн көрсетпеген соң, олар қашып кеткен. Бірақ, Мейірманов “ол малшылар менің малымды ұрлады” деп үстерінен арыз жазып, малшыларды өзіне қайтарып алған екен. Бірақ, сол малшылардың қазір қайда екенін ешкім де білмейді. Яғни, із-түзсіз жоғалтып жіберген.

 Бұл содан үш жылдан кейін болып жатқан әңгіме ғой.

Мәди Мұхамедқалиев  деген жігіт үш жылдан бері жалақысын алмаған. Негізі ол үш айға сақманға деп қана барған екен. Сосын оған 50 мың теңге және  бір қой берем, жайлауға шық деп өтінген. Содан  бастап жібермей, құлдықта ұстап келе жатыр. Міне, үшінші жылға кетті. Өлген малды да, жоғалған малды да Мәдидің  мойнына іліп, ешқандай жалақы да төлемейді. Қысқасы құл боп жүр.

Екіншісі, Грос Лев Андреевич деген азамат. Бұл кісіге жеті ай жалақысын бермеген соң, бір рет қашып кеткен. Бірақ  “мен саған зарплатыңды беремін, егер қайтпасаң, малым жоғалды деп үстіңнен арыз түсіріп, соттатамын” деп қорқытқан. Сөйтіп ол амалсыздан қайтып келген. Бірақ, келгелі бері тағы да жалақысын ала алмай, тегін жұмыс істеп жүр.

Бұлар былайша айтқанда, құлдықта жүр ғой. Енді осы екі азамат көмек сұрап отыр.

Мен бұл мәселені Прокуратураға да, РУВД ға да апарып бере аламын. Бірақ, құзіертті органдар қылмыстық іс қозғамайтынын білемін. Қазіргі жүйе сондай. Сондықтан журналистерге шығып отырмын.

 

Қанаттың айтуынша, құлдықта жүрген Мәди Мұхамедқалиев 1981 жылы туған. Өскеменде отбасы бар, бірақ мүлдем хабарласуға мүмкіндігі жоқ.

Екінші "құл" Лев Андреевичтің де отбасы бар. Әкесі Мәлік Мейірмановпен сөйлесіп тұрады екен. Бірақ, Мейірманов “Ол өзі кетпей жүр” деп әкесін алдайтын көрінеді.

Бірақ, қазір екеуінде де телефон жоқ. Ешкіммен байланыстырмайды.

Айтпақшы, бір-екі жыл бұрын Мәди басындағы жағдайды айтып Шонжының АІІБ-не шағымданыпты. Бірақ, сол жерде біраз іс қаралғанымен, ешқандай нәтиже болмаған.

Ал, осы мәселені көтергені үшін азаматтың өзіне де қысым жасалған көрінеді.

Сонда, адам құқығын аяққа таптаған бұл кәсіпкер кім? Неге құзырлы орындар тиісті шара қабылдап, бұл мәселенің шешімін таппайды? Әлде, олар да Мейірмановтың өз адамы ма?

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

 

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 315
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында

Бейбіт Қойшыбаев 174
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 454