Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 2978 0 пікір 9 Наурыз, 2011 сағат 04:10

8 наурыз қарсаңында Польшада ең ұлы поляк әйелінің есімі жарияланды

АСТАНА.  9 наурыз. ҚазАқпарат  -  Халықаралық  әйелдер күні  қарсаңында  Польшада  барлық   дәуірдегі ең  ұлы   поляк әйелінің есімі  жарияланды.

Ағымдағы жылдың  қаңтар- ақпан  айларында  бірнеше апта  бойы өткен дауыс   берудің  қорытындысы   дүйсенбі күні Варшавада    жария етілді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі  хабарлады.

Поляк  халқының  пікірі  бойынша, ел тарихындағы ең  ұлы әйел   танымал физик және  химик,   Нобельдік сыйлықтың екі  дүркін  лауреаты Мария  Склодовская-Кюри   деп танылды.

Дауыс беруге 15 мыңнан астам адам қатысты.  Халықтың    талқысына  ұсынылған  14 кандидаттың  қатарында      поляк   тағына  отырған   алғашқы әйел   әулие Ядвига,  Қараша  төңкерісі  кезінде ерлік көрсеткен   поляк әскерінің капитаны Эмилия Платер, танымал  актриса  Хелена Моджеевская, т.б.  болды.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052