Жексенбі, 20 Сәуір 2025
3289 0 пікір 16 Тамыз, 2018 сағат 09:53

Қазақстан 47 рет тауар тиелген жүк көліктерін Бішкекке қайтарған

2018 жылдың басынан бері Ресей Қырғызстанға 300 тонна көкөніс өнімдерін қайтарған. Ал Қазақстан 47 рет тауар тиелген жүк көліктерін кері Бішкекке жіберген.

Барлық жағдайда басты себеп - сертификаттар фитосанитарлық бақылау талаптарына сәйкес келмейді. Бірақ Қырғызстанның тиісті мемлекеттік органдары кәсіпкерлерге Еуразиялық экономикалық одаққа мүше аймақтарға талап етілетін құжаттар жайында үнемі ескертіп отырамыз дейді.

Соңғы екі күнде қырғыздың 43 тонна өнімі (жүзім, құлпынай, жаңғақ және т.б.) Ресейге өтпей қалған.

2018 жылдан бері Ресейден қайтқан өнімдердің жалпы көлемі - 294 тонна.

Қырғызстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Болот Жуманалиев мұндай жағдайда кәсіпкерлердің өздері кінәлі дейді.

"Ресми мәлімет бойынша, 2018 жылдың қаңтар мен сәуір аралығында ЕАЭО-дан келетін импорт көлемі өсіп, экспорт түсіп кетті. Қырғызстанның басты әріптесі бұрынғыдай Ресей болып тұр. Соңғы төрт айда Ресейге 102 млн долларға тауар экспортталса, Ресейден 351 млн долларға тауар импортталған. Импорт көлемі үш есеге өсті", - дейді Болот Жуманалиев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2068
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4939
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4141