Жұма, 29 Наурыз 2024
3283 2 пікір 16 Тамыз, 2018 сағат 10:03

Жаңа емле ережелері қанатқақты жобасының сауалнамасы жүргізіледі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі  Тіл саясаты комитетінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы  қазақ тілінің латын графикасына негізделген жаңа емле ережелері қанатқақты жобасының сынама жұмыстарын  2018 жылғы 16 тамызда  Алматы қаласында жалғастырады.

Ұлттық комиссия жанынан құрылған Орфографиялық және Әдістемелік жұмыс топтары 2018 жылғы 4-10 шілде Қазақ орфографиясы ережелерінің концепциясы негізінде  «Латын графикасы негізіндегі жаңа қазақ әліпбиінің емле ережелерінің жобасын» сараптап, талқылаудан өткізген болатын.

Шараның мақсаты – қазақтілді қауым өкілдері арасында  сауалнама жүргізу арқылы жаңа емле ережелері жобасын әзірлеу барысында туындаған мәселелердің  тиімді жолдарын анықтау. Қазақ мәтінін құрайтын төл, кірме және шетел сөзін латын әліпбиімен таңбалауда тіл қолданушылар басымдық берген  жазба-үлгілері (орфограммалар) сынама қорытындысы алынады.   Қазақтілді қауымның шет тілдерден енген сөздерді жазу арқылы игеруін  анықтау–жаңа емле үшін маңызды.

Сауалнама нәтижесінде анықталған статистикалық әрі сапалық мәліметтер емле ережелерінің жалпыхалықтық қолдауға ие нұсқасын әзірлеуге септігін тигізеді.

Сауалнамаға Алматы қаласындағы, барлық басқармалар, департаменттер, әкімдіктер қызметкерлері мен әскери қызметшілер,  ЖОО студенттері қатысады. Қатысушылардың жалпы саны 250 адамды құрайды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1583
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2283
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3620