Алматыда Әбіш пен Фаризаға көше берілді
Бүгін өткен Алматы мәслихатының сессиясы барысында Алатау және Бостандық аудандарындағы бірнеше көшенің жаңа атауы бекітілді.
Хабарламада жазылуынша, Алматыда 160-тан аса көшенің жаңа атауы бекітілген екен. Сол қатарда қазақтың бір туар тұлғалары Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова және Батырхан Шүкенов атындағы көшелер пайда болды.
- Көше атауларын өзгертудің бірден-бір себебі - олардың қайталана беретіні, - деп түсіндірді қалалық мәслихаттың хатшысы Қалдыбай Қазанбаев.
Еске сала кетейік, биыл мамыр айында Алматы мәслихатының комиссиясы 164 көшенің атауын өзгертуді ұсынған болатын.
Abai.kz