Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2311 0 пікір 11 Наурыз, 2011 сағат 01:42

Контрабандалық жүк алып өтпек болғандар тұтылды

АСТАНА. 10 наурыз. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы аумағы арқылы Қырғызстанға контрабандалық жүк алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлады облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

6 наурызда шұғыл ақпарат алған Жамбыл облыстық кедендік бақылау департаментінің Контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шекара қызметінің өкілдерімен бірігіп, кедендік алымдар төлеуден жалтарып Құмшағыл ауылы тұсынан «КамАЗ» көлігімен 24 тонна дизельді қырғыз асырмақ болған еліміздің азаматтарын қолға түсірді. Сондай-ақ 7 наурыз күні Контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шұғыл-іздестіру шаралары кезінде қаланың Молдарбеков көшесі бойынан «КамАЗ» жүк көлігін тоқтатады. Кеденшілердің әрекетіне қарсыласқан автокөлік жүргізушісі көлігін тастап қашып кеткен. Жүк көлікті тексеру кезінде Қырғыз Республикасы азаматының жеке куәлігі мен басқа да құжаттары табылған. Ал көліктің қорабында 16 тоннадан аса тауық еті бар болып шықты. Қазіргі уақытта қосымша анықтау жұмыстары жүргізілу үстінде.

Аталған фактілер бойынша тексеру шараларының нәтижесімен тиісті тұлғалар кінәлі болып табылса, ҚР ҚК 209 бабына сәйкес жазаланатын болады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5442