Сенбі, 23 Қараша 2024
Қайнайды қаның... 3854 1 пікір 22 Тамыз, 2018 сағат 10:24

Астана күніне 500 миллион берген Қостанайда мектеп жөндеуге ақша жоқ

Адамдардың кей-кейде өзін бір жылт еткізіп көрсетіп қалу үшін қандай да бір дарақылықа баратындығын көргенде «бұл дүние не болып кетті?» деп қайран қалмасқа амалың жоқ. Сірә, еңбексіз, тегін келген байлық қай пенденің де бет бейнесін айқын көрсетіп, парықсыздығы мен тексіздігін дүйім жұртқа жайып салмай қоймайды екен. Міне, біздің қалтасына қомақты қаржы түскен байшікештеріміз өздеріне жақсы бір «ермек» тапқан сыңайлы. Онысы, өздеріне үнайтын, былайғы жұрт таң қалатындай машинаның «әдемі» нөмірі үшін бір шашылып қалу секілді сүйкімсіздеу қылық көрінеді. Ал бұған кеткен есіл ақшаны естігеніңде жағаңды ұстайтындай жағымсыз сезім бойыңды шарпып өтері сөзсіз. Мәселен, «Үкімет азаматар үшін» деп аталатын мемлекеттік корпорацияның өкілі Мұрат Жұманбайдың айтукына қарағанда жыл басынан бері өздері керемет деп санайтын әлгіндей нөмірлерді алуға анау-мынау емес бір миллиард теңгеден астам ақшаны еш қысылмастан бере салыпты. Ал мұндай «мырзалықты» ең алдымен Астана мен Алматы қаласында тұратын қалталылар істесе керек.

-Бұл сома былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  үш еседен асып отыр. Мәселен, былтырғы жылы «әдемі» нөмірлерге аңсары ауатындар оған барлығы 587мың 406 тенге жұмсаса, биылғы жылы олар сөзге келместен бір миллиардан астам теңгені бере салған,-дейді корпорация басшысы.

Жоғарыдағы екі шаһарды айтпағанда, «керемет» нөмір үшін таласқа еліміздің облыстары да қызу кірісіп кетсе керек. Оның көш басында Түркістан облысы тұр екен. Онымен тізгін тірестірген Жамбыл облысы да ешкімге дес бермейтін көрінеді. Ақшаны судай шашқан осы жарыста біздің Қостанай облысы жүлделі үшінші орынды иеленіп, айды аспанға бір-ақ шығарыпты.

Біздегі желөкпелер әлгіндей «әдемі» нөмірді иелену үшін 90 миллион теңгені еш қиналмастан бере салған. Бізде әсірсе «001» деген нөмірлер ерекше сұранысқа ие екен. Ақшасы көп болса да ақылы аздау бұл мықтылар егер осындай нөмірлер алса, өздерін облыс әкімі мен облыстық ішкі істер департаментінің басшысы қатарынан ойып тұрып орын аламын деген ойда болса керек. Өйткені әлгі екеуінің машинасы осындай цифрлардан басталады. Ал енді мұндай дарақылықа күлесің бе, жылайсың ба?

Ерекше нөмір үшін қырқысып жатқан адамдарды көріп отырып, бұларды өздерінің кіндік қаны тамған, туған өлкесіне  жаны ашымай ма деп ойлап қаласың. Әйтпесе біздің облыс кеше ғана өткен Астана күніне арнап, керемет велотрек саламын деп жарты миллиард теңге жұсап, қалтасы мықтап қағылса керек. Енді облысымыздағы 500-ден астам мектепке күрделі жөндеу жүргізуге ақша таппай қиналып отыр. Міне, ерекше нөмірге құмар, ақшасы қалтасына симай жүрген  әлгіндей жандарың бірі өздері бітірген мектептің бірін жөндеуге қол үшін берсе тағынан түсіп қалмайтын шығар. Қайта сауапқа қалмай ма?..

Осы орайда мынау көршіміз - Ақтобе облысында бір кәсіпкердің музейге деп 635 миллион теңге бергендігін естігенде бір қуанып, бір қысылып қалдық. Қуанғанымыз «бізде де Атымтай жомарт секілді азаматар бар екен ғой» деп мәртебеміз өссе,  облысымыздағы өз байлығын қайдағы бір түкке тұрмайтын қаңылтырға жұмсағандығын көріп, жерге кірердей болғанымызды жасырып қайтеміз.

Жайберген Болатов

Қостанай

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407