Қазақстан үшін бірден бір дұрыс таңдау - жаңартылған тренд пен биліктің мықты вертикалін сақтау болып отыр - Мәскеудегі «дөңгелек үстел»
Кезектен тыс сайлауды өткізу қазіргі күні жаңа тәуелсіз мемлекеттер алдында туындап жатқан қауіп-қатерлерге назар аударуға мүмкіндік береді.
Бұл туралы бүгін Мәскеуде өткізілген «дөңгелек үстел» отырысы барысында ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика мен саясат институтының директоры Сұлтан Әкімбеков айтты.
С.Әкімбековтың пікірінше, ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу стратегиялық және тактикалық мүдделерге жауап беріп отыр. Мәселен, кезектен тыс сайлау өткізу арқылы Қазақстан 2012 жылы РФ, АҚШ пен ҚХР-да өтетін осы секілді шаралардың алдын орап отыр. «Қазақстанның геосаяси мүдделердің күресі жүріп жатқан Еуразияның төрінде орналасуын есепке алсақ, осы мәселелерді дер кезінде шешкен дұрыс», - деп атап өтті сарапшы.
Стратегиялық жағынан алғанда, кезектен тыс сайлауды өткізу туралы шешім қазіргі күні жаңа тәуелсіз мемлекеттер алдында туындап жатқан қауіп-қатерлерге назар аударуға мүмкіндік береді. «Басты мәселе, жаңарту тренді сақталып отыр. Қазақстан үшін мықты билік вертикалі - қазіргі күні бірден бір таңдау екені де түсінікті», - деп санайды С.Әкімбеков.