Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2802 0 пікір 11 Наурыз, 2011 сағат 04:27

Мұхтар Шерім. Әкемнің әйелі Ауғанстанда жүр!

Ешкінің ішегіндей шұбатылған түрік сериалдары сияқты  «Сайлау­фильм»  киностудиясы «Әкемнің әйелі Ауғанстанда жүр» атты алпыс алты миллион, жеті жүз мың сериал түсіруді бастады. Сұмдық сериалдың алғашқыларын назар­ларыңызға ұсынып отырмыз. Фильмді көкірек көздері соқырлар, жын­ды­бас­тар, парақорлар, жағымпаздар тамашалай алады. Сонымен...

Фильмнің режиссері - Бұйра бас мектеп директоры Тырнақбике Бұйрабасова.

Сценариін жазған - Облыс әкімі Жағымпазбек Жығылғанұлы.

Оператор - сайлау комиссиясының төрағасы Ләппай Тақсыров.

Ассисенті - Анау.

Дыбыс режиссері - Мынау.

Басты рольдерде - Әкемнің әйелі  Бериван, әкем және мен, ауа, жер, Ауғанстан.

 

Бірінші серия.

Әкемнің әйелі, яғни менің шешем кешке үйге келмеген соң, жанымыз жыртылып кете жаздап, қорыққанымыз бар аздап, қалалық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне келдік.

-Әйелім жоғалды!-деді әкем.

-Шешем жоғалды!-дедім мен.

-Шешесі жоғалған, кезек күтіңіз!-деді кезекші полиция.

-Әкемнің әйелі жоғалды!-дедім мен асығыс айран ішкендей аптығып.

- Ә-ә, біргесіздер ме? Әйеліңіз жоғалғанға дейін тірі ме еді?

-Тірі...

-Денесі қандай?

-Ірі...

-Басы?

-Қазандай.

-Балтыры?

-Өліп қалған сазандай...

-Мұрыны?

-Екі тесік.

Ешкінің ішегіндей шұбатылған түрік сериалдары сияқты  «Сайлау­фильм»  киностудиясы «Әкемнің әйелі Ауғанстанда жүр» атты алпыс алты миллион, жеті жүз мың сериал түсіруді бастады. Сұмдық сериалдың алғашқыларын назар­ларыңызға ұсынып отырмыз. Фильмді көкірек көздері соқырлар, жын­ды­бас­тар, парақорлар, жағымпаздар тамашалай алады. Сонымен...

Фильмнің режиссері - Бұйра бас мектеп директоры Тырнақбике Бұйрабасова.

Сценариін жазған - Облыс әкімі Жағымпазбек Жығылғанұлы.

Оператор - сайлау комиссиясының төрағасы Ләппай Тақсыров.

Ассисенті - Анау.

Дыбыс режиссері - Мынау.

Басты рольдерде - Әкемнің әйелі  Бериван, әкем және мен, ауа, жер, Ауғанстан.

 

Бірінші серия.

Әкемнің әйелі, яғни менің шешем кешке үйге келмеген соң, жанымыз жыртылып кете жаздап, қорыққанымыз бар аздап, қалалық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне келдік.

-Әйелім жоғалды!-деді әкем.

-Шешем жоғалды!-дедім мен.

-Шешесі жоғалған, кезек күтіңіз!-деді кезекші полиция.

-Әкемнің әйелі жоғалды!-дедім мен асығыс айран ішкендей аптығып.

- Ә-ә, біргесіздер ме? Әйеліңіз жоғалғанға дейін тірі ме еді?

-Тірі...

-Денесі қандай?

-Ірі...

-Басы?

-Қазандай.

-Балтыры?

-Өліп қалған сазандай...

-Мұрыны?

-Екі тесік.

-Аузы?

-Ашыла беретін есік...

-Қос анары?

-Сіз немене, интимни сұрақтар қойып?-деп ашуланды әкем.

-Кешіріңіз, бізге барлық белгілері керек. Аты жөні?

-Бериван Мектепбаева.

-Түрік қызы ма не?

-Жоқ. Түрік сериалдарын менен жақсы көреді. «Бериван» сериалындағы Бериван құрметіне атын өзгертіп алған.

-Қай жылы туылған?

-Қар жауып тұрғанда...

-Нақты?

-Есімде жоқ, құдай ұрғанда...

Есіміз ауып қала жаздап, ертеңіне мектеп директоры Тырнақбике Бұйраба­соваға келдік.  Ол тырнағын бояп отыр. Директордың айтуынша, кеше  түсте өзінің тапсырмасымен елбасы сайлауына қол жинауға кеткен екен. Әкем жылап жібере жаздады: «Қандай адамсыз? Сіз бар ғой, сіз қорқақ адамсыз! Надансыз! Қала әкімі айтты деп, қызметімнен алып тастайды деп саяси науқан болса, мұғалімдерді құлша жұмсайсыз! Көнгісі келмесе көздеріне күл сеуіп, құйрықтарынан бір теуіп, жұмыстан шығарып жіберемін деп қорқытасыз! Мектепке мұғалім болып кіру үшін қанша ақша аласыз? Жүз мың ғой? Мың доллар! Парақорсыз! Ал, менің қатыным сияқты жәй мұғалімдер сіңір шайнап жүр. Сіз сияқтылар май жалап, көздері жайнап жүр! Әйелімді тауып беріңіз!» Әкем директор әйелдің жағасынан ала берген, «көке, сотталып кетесіз, бәлеқор қатын деп естігенмін, «кабинетімде баласы екеуі зорлап кетті» деуден тайынбайды» деп сыбырлап үлгеріп едім, әкем жынды жымиып, оның бетінен сүйді де, сыртқа шығып кетті. Артынан «ассалаумағалейкум, әкелеп» мен келемін. Содан әкем бір досының иісшіл итін ізге салды. Ит жетектеп, өзіміз дедектеп келеміз. Бір «қытай қорғанындай» қоршауы бар коттедждің қақпағын қағып тұрмыз, мұңымызды арсалаңдаған итке шағып тұрмыз. Қожайын шықты.

-Кешіріңіз, әйелім жоғалды,-деді әкем.

-Е?-деп ыңыранды анау.

-Елбасы сайлауына қол жинап жүрген. Сіздің үйде шәй ішіп отырған жоқ па?

Анау пистолетін шығарып, аспанға бір атып еді, бір қарасам, алдымда безіп бара жатқан әкемнен озып кетіппін... Итті қайта ізге салдық. Бір қабырғасы құлайын деп, шатыры көмек сұрайын деп тұрған жұпыны үйге жыртиып келдік. Үрлеп қалсаң, ұшып түсетіндей арық қара әйел шықты. Құрақ ұша үйіне кіргізіп, қара су берді. «Кешіріңдер, пенсиямды сол жердегілер жеп қойып, ақшасыз қалдым. Шәй жоқ, қара су ішіп отырмын» деді ол.  Жағдайымызды естіп алып, еңіреп жылады. Жүдә ақкөңіл апай екен. «Қандай науқан болсын, әкімдер мұғалімдерді қолбала етіп алды! Президенттің кезектен тыс сайлауына 4,7 миллиард теңге бөлінді деп естідім, сол ақша қайда? Бермей ме мұғалімдерге... Әй қайдам, жегіштер жалап жатыр-ау!» --дегенде еңсеміз түсіп кетті.  Итті ізге қайта салып, көшеде келе жатқанымызда бір кісі жанымызға келіп:

-Әйеліңіз жоғалды ма?-деп сұрады.

-Ия.

-Телебезерден естідім. Бір мұғалім әйел сайлауға қол жинаймын деп, қатты қызып кетсе керек, байқамай, Ауғанстанға өтіп кетіпті...

-Не дейді? Сондағы пуштундардан қол жинамақ па?

-Жоға. Сондағы қазақтардан... Қызды-қыздымен Қытайға өтіп кетіп, сондағы қазақтардан қол жинап жүрген мұғалімдер де бар дейді...

-О, сорлы мұғалім... Шетел қазақтары біздің сайлауға қатыса алмайды  емес пе?

-Өй, мына әкімдерге сайлау тәртібін бұзу қиын болып па?

Әйтеуір жолын тауып, «тым-тырыс» Ташкент арқылы әкем екеуміз Ауғанстан шекарасынан өттік. Пуштундар тау арасында ұстап алып, шашымызды, қасымызды ұстарамен тықырлап алып, әбден тергегені. Әкем  «Нұр Отанның мүшесімін!» деген соң ғана жіберді. Әйтпесе, өлтіретін еді. Ішінде біреуі қазақшалап: «Өзбектерге қарағанда қазақтар мәледес! Біздің балаларымызды оқытып жатыр!» деп алдымызға ас қойды, құрметтеп,  күйіп піскен бас қойды... Сосын екі есек сыйлап, Кабулға қарай айдап жіберді. Есек үстінде әндетіп келе жатқанбыз.  Бізді Америка солдаттары ұстап алды.

-Қайдан келесіңдер?-деп сұрады қазақша білетін біреуі.

-Үйден.

-Үйің қайда?

-Қазақстан.

-Шпион емессіңдер ме?

-Құдай сақтасын,--дедім мен әкемнен бұрын жауап беріп, --сайлауға қол жинап жүрміз...

-Өтірік айтпа балам,--деді әкем жыламсырап,--баламның шешесі, менің әйелімді іздеп жүрміз. Қол жинап жүріп, байқамай осы елге өтіп кетіпті дегенді естідік...

Олар бізді қамаққа әкелді. Ішке екеуміздің артымыздан теуіп кеп жіберді. Мен «Қамажайға» билеп барып, шалқамнан түстім. Қарасам, әкем «вальске» теңселе билеп жүр екен. Бір кезде көзі қарауытып, бұрышта отырған бір әйелдің аяғы астына сүріне құлады...

-Әйел мен еркекті бірге қамағандары несі? Қарным ашты...-деді әкем мұрны­нан аққан қанды сүртіп жатып...

-Менің де қарным ашты...-дедім сілекейім шұбырып.

-Сайлауға қатысып, мына жерге қол қойсаңдар, қарындарың тоқ болады, уайым-қайғы жоқ болады... -деген дауысты естіп, елең ете қалдым.

Әйел киімі алба-жұлба, бетіне қара май жағып тастапты...  Қолында қағаз: «мына жерге елбасыны қолдаймын» деп қол қойыңыздар..»- дейді әлсіз ғана сөйлеп. Өлейін деп жатса да, отанына шексіз берілген, патшасын сүйген ананы тани кеттім! Анашым! Әкем де таныса керек, «О, Бериваным менің!» деп құшақтай алды. Ал, ары қарай не болғанын айтпаймын, келесі сериядан көресіздер...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443