Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Саңлақ 4292 0 пікір 27 Тамыз, 2018 сағат 10:35

Қазақстан – әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Алматы қаласында студенттер арасында футзалдан әлем чемпионаты өтті. 17 елдің жас футзалшылары Almaty Arena және Halyk Arena спорт кешенінде кім мықтыны анықтады.

Еліміздің студенттер құрамасы топтық кезеңдегі үш ойында да жеңілген жоқ. Алғашқы екі ойында жеңіске жетіп, үшінші матчта тең түсті.

Қайрат Құлбарақов шәкірттері алғашқы ойында Чехия құрамасын 4:3 есебімен жеңді. Қазақстан құрамасы сапынан Дәурен Тұрсағұлов пен Ақеділ Мәдияров екі голдан соқты.

Қазақстан – Чехия – 4:3
Гол соққандар: Тұрсағұлов (2), Мәдияров (2) - Павел Дрозд (2), Давид Дрозд
19.08.2018. Алматы. Almaty Arena.

Ал екінші кездесуде біздің футзалшылар Жаңа Зеландия құрамасынан басым түсті. Бұл матчта 2:0 есебі тіркелді.

Қазақстан - Жаңа Зеландия - 2:0
Гол соққандар: Черномордов, Кнауб.
20.08.2018. Алматы. Almaty Arena.

Топтық кезеңдегі соңғы ойында еліміз құрамасы жеңіске жете алған жоқ. Қазақстандық студент футзалшылар Беларусь елінен келген құрдастарымен 1:1 есебімен тең тарқасты. Қазақстан құрамасының ойыншысы Арнольд Кнауб екі ойын қатарынан гол соқты.

Қазақстан - Беларусь - 1:1
20.08.2018. Алматы. Almaty Arena.

Осылайша, жарыс қожайындары жеті ұпай жинап, өз тобында бірінші орынмен плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Ал ширек финалда қазақстандық футзалшылар Аргентина құрамасын 6:2 есебімен ұтты.Еліміз студенттер құрамасы сапынан Владислав Черномордов, Ұлан Жақсылықов, Біржан Оразов, Ерсұлтан Сағындықов, Арнольд Кнауб және Асылжан Алин қатарлы ойыншылар гол соғып, көзге түсті.

Студенттер арасында футзалдан әлем чемпионаты. 1/4 финал.
Қазақстан – Аргентина – 6:2

24 тамыз күні Almaty Arenа спорт кешенінде өткен жартылай финалдық кездесуде Қазақстан құрамасы Португалия футзалшыларымен кездесті.

Мамандар футзал әлемінде өте мықты құрамалар қатарынан саналатын Португалия құрамасының финалға өтеріне көбірек сенген еді. Алайда, жергілікті ойыншылар 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Студенттер арасында футзалдан әлем чемпионаты. 1/2 финал.
Қазақстан - Португалия- 3:2
Гол соққандарТурсагулов, Мадияров, Кнауб – Симос, Рибейру

Ал ақтық сында Қайрат Құлбарақов шәкірттері Ресей құрамасымен күш сынасты. Әлем чемпионатының финалына алғаш рет шығып отырған Қазақстан құрамасы төрт дүркін әлем чемпионына қарсы тәп-тәуір өнер көрсетті. Алайда, тәжірибесі басым Ресей құрамасы жеңіске жетті. Бірақ, біздің футзалшылар үшін күміс жүлде де тақиясына тар кемейді. Жақсы нәтиже деп бағалауға толық негіз бар.

Студенттер арасында футзалдан әлем чемпионаты. финал.
Қазақстан – Ресей - 2:4
Гол соққандарАгедиль Мадияров, Асылжан Алин –Сергей Орлов (2), Антон Соколов, Янар Асадов

Айта кетейік, кезекті ғаламдық додаға 17 елдің өкілдері қатысты. Алматыға шын мықтыны анықтау үшін 16 ерлер 9 әйелдер кұрамасы келген болатын.

Қуаныш Қаппас

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3513