Сенбі, 31 Шілде 2021
Саңлақ 2378 0 пікір 27 Тамыз, 2018 сағат 11:02

Азиада-2018: Қазақстан қоржынында 41 медаль бар

Төрт жылда бір өтетін Жазғы Азия ойындары биыл Индонезия астанасы Джакарта қаласында өтіп жатыр. Сары құрлықтың басты бәсекесінде еліміз атынан 400-ден аса спортшы бақ сынауда.

Еліміз спортшылары алғашқы бір аптада ел қоржынына 41 жүлде салды. Оның ішінде 5 алтын, 8 күміс, 28 қола медаль бар. Құрлық біріншілігінің бас жүлдесін жеңіп алған спортшылар қатарында семсерлесуші Дмитрий Алексанин, велоспорттан Алексей Луценко, Джиу-джитсу шеберлері Дархан Нортаев (62 келі) пен Руслан Исраилов (77 келі) бар. Велошабандоз Алексей Луценконың жекелей сында да, топтық бәсекеде де бірінші келіп, бір өзі екі алтын жүлде жеңгенін айта кетейік.

Ал күміс медаль олжалаған қазақстандықтар мыналар, еркін күрес шебері Данияр Қайсанов (74 келі), балуан қыз Жұлдыз Ешімова (53 келі), таэквондошы Жансель Дениз (+67 келі), грек-рим күресінен Алмат Кебіспаев (67 келі), Нұрмахан Тінәлиев (130 келі), су добынан еліміздің әйелдер құрамасы, тенисшілер Александр Бублик пен Денис Евсеев және Каратеші Дидар Әмірәлі.

Қола жүлдеге қол жеткізген қазақстандықтар саны біршама көп. Атап айтар болсақ, еркін күрес шеберлері Әділет Дауламбаев (86 келі), Саятбек Оқасов (65 келі), таеквондошы Фариза Алдоңғарова, маунтинбайкер Кирилл Казанцев, балуан Элмира Сыздықова (76 келі), грек-рим күресінен Мейрамбек Айнағұлов (60 келі),Ерұлан Ысқақов (97 келі) Азамат Қыстаубаев (87 келі), таэквондошылар Руслан Жапаров (80 Келі), Нұрлан Мырзабаев, Ерасыл Қайырбек, суға жүзуден Дмитрий Баландин (екі қола), Әділбек Мусин, семсерлесуден Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы, ескек есуден Александр Куликов, академиялық ескек есуден Александр Очапанов,стендтік атудан Мария Дмитриенко, тенисшілер Гозаль Айнитдинова мен Анна Данилина жұбы және Александр Недовесов пен Анна Данилина жұбы, Джиу-джитсудан Нұрсұлтан Сейдуәлі (56 келі), Нартай Қажеков (69 келі), Ризат Мақашев (94 келі), жүзуден Қазақстан командасы эстафеталық сында, Ядро лақтырудан Иван Иванов, Каратеші Данияр Юлдашов (84 келі) және жеңіл атлет Элина Михина 400 метрге жүгіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Қуаныш Қаппас

Abai.kz

0 пікір