Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2367 0 пікір 12 Наурыз, 2011 сағат 08:55

Алтай Байсары: «Бізде қытайды зерттейтін институт түгілі, кафедра да жоқ»

- Алдымен қазақ пен қытайдың ежелгі көршілік тарихы мен қарым-қатынасына тоқтала кетсеңіз...

- Әрине, Қазақстан мен Қы­тай­дың бүгінгі қарым-қатынасы туралы әңгіме айту үшін, ең алдымен екі елдің тарих қойна­уындағы байланысына назар аударуымыз керек. Өйткені Қытай мен көшпенді түріктер - ежелден көрші ел.

Қытай - бірер мыңжылдық­тар бұрын Тынық мұхитқа құятын Янзы өзенінің бойын­дағы отырықшы шағын халық­тан өсіп-өнген мемлекет. Хұн­дар мен қытайлардың арасын­дағы қақтығыс біздің жыл санауымыздың ІІ ғасырында шиеленісті деңгейге жеткен. Хуаң Хы (Сары өзен. - Авт.) Қытайдағы ең үлкен өзендердің бірі. Оның ағыс бағыты «П» әрпіне ұқсайды. Құяры - Тынық мұхит. Ежелгі дәуірде осы Хуаң Хының қойнауы біздің арғы ата-бабаларымыз - хұндар­дың қыстаулығы болған. Өйт­кені Хуаң Хы аумағының қысы жайлы: қары бақайшықтан аспайтын жұқа, өзен маңы қамысты, ну-қоғалы, малға от, малшыға ықтасын болыпты. Хұндардың қыс қыспағынан қорғанатын ең негізгі атамекені осы аймақ болғаны - ғылымда талас тудырмайтын ақиқат.

- Алдымен қазақ пен қытайдың ежелгі көршілік тарихы мен қарым-қатынасына тоқтала кетсеңіз...

- Әрине, Қазақстан мен Қы­тай­дың бүгінгі қарым-қатынасы туралы әңгіме айту үшін, ең алдымен екі елдің тарих қойна­уындағы байланысына назар аударуымыз керек. Өйткені Қытай мен көшпенді түріктер - ежелден көрші ел.

Қытай - бірер мыңжылдық­тар бұрын Тынық мұхитқа құятын Янзы өзенінің бойын­дағы отырықшы шағын халық­тан өсіп-өнген мемлекет. Хұн­дар мен қытайлардың арасын­дағы қақтығыс біздің жыл санауымыздың ІІ ғасырында шиеленісті деңгейге жеткен. Хуаң Хы (Сары өзен. - Авт.) Қытайдағы ең үлкен өзендердің бірі. Оның ағыс бағыты «П» әрпіне ұқсайды. Құяры - Тынық мұхит. Ежелгі дәуірде осы Хуаң Хының қойнауы біздің арғы ата-бабаларымыз - хұндар­дың қыстаулығы болған. Өйт­кені Хуаң Хы аумағының қысы жайлы: қары бақайшықтан аспайтын жұқа, өзен маңы қамысты, ну-қоғалы, малға от, малшыға ықтасын болыпты. Хұндардың қыс қыспағынан қорғанатын ең негізгі атамекені осы аймақ болғаны - ғылымда талас тудырмайтын ақиқат.

Шығыс оңтүстікте отырған отырықшы Қытай тайпалары­ның жан саны өсе келе, жер керек бола бастайды. Сөйтіп, мысық табандап, көшпенділер­дің жеріне сырғи береді, сырғи береді. Осы жылдар аралығын­да жер үшін қытайлар мен көш­пенділер ортасында бірнеше рет қақтығыстар орын алады. Ақыры, көшпенділердің құтты қонысы, қыстық мекені болған Хуаң Хы қойнауы бірте-бірте жылжыған Қытай тайпалары­ның қонысына айнала бастады. Біздің баба-тарихымыздағы ең алғашқы қотарылған көш ІІ ғасырда осылай бастау алып, Атилла хұндары V ғасырда Батыс Еуропаға дейін жеткен...

Қытай ұлтының көшпенді көршілеріне қарсы ежелден ұстанып келе жатқан соғыс тәсілдері бар: «Алыстағысымен достасып, жақындағысына соққы беру», «әлсізімен бірігіп, әлдісінің көзін құрту» т.с.с. әдіс-айланы бірнеше мың жылдар бойы қолданып келеді. Көш­пенді хұн, үйсін, көктүрік, ұй­ғыр, Шыңғыс қаған құрған тү­рік-моңғол мемлекеті, кейін Қазақ пен Жоңғар хандық­та­рына да қарсы осындай айла-тәсілдер қолданып келді.

Көшпенділер мал баққан соң, табиғатқа тәуелді болады. Жұт, табиғи апат болған жылдары көшпенділердің кейбір тайпалары отырықшы қытайларды маңайлап қоныстанатын да кездері болып тұрған. Оларды қытайлар шен-шекпен, жібек мата, қыз-қырқын беріп, ал­дап-арбау амалдары арқылы екінші бір көшпенді тайпаларға қарсы пайдаланатын болған. Сөйтіп, түрікке түрікті қарсы салатын әскери тактика қолдану арқылы өз мақсаттарына жетіп отырған. Нәтижесінде бүгінге дейінгі екі мың жылдың ішінде қазіргі аумаққа ие болады. Қытай түрікке түрікті айдап салу әдісін бүгін де қолданып отыр. Мәселен, Қытайдағы қа­зақтар мен ұйғырлар арасын­дағы өкпе-реніш осындай кәнігі саясаттың салдарынан туындап отыр. Бұл - «алыстағы­сымен достасып, жақында­ғысына соққы берудің» ежелгі амалы.

- Ал енді негізгі тақырыпқа оралсаңыз: қазақ жерін Қытайға жалға беру қаншалықты шындыққа жанасады?

- Қазақ: «Жел соқпаса, шөп басы қимылдамайды», - деп жатады. Меніңше, бұл тегін емес... Қазіргі Қытай - экономикасы көтерілген, халқының саны мол, әлемдегі ықпалды мемлекеттердің бірі. Олардың саясаттағы қулықтарына құрық бойламайды.

Мысалы, олар қаншама елде шағын Қытай қалашық­тарын қалыптас­тыр­ды. Ендігі көздеген елдері - Қа­зақ­стан мен Ресей. Негізінен бізге ауыз сала бастағандарына біраз жылдың жүзі болды. Алдымен мұнай, газымызды сатып ала бастап еді, енді жері­мізге көз алартып үлгерді. Қы­тай осыдан екі жыл бұрын Қа­зақстаннан ауыл шаруашы­лы­ғына жарамды 1 миллион гектар жерді 99 жылға жалға ал­мақшы екен-міс деген әңгіме шыға бастады. Есептеп қара­ңызшы, 1 миллион гектар жерді өңдеуге қанша қытай азаматы қажет? Сондай-ақ, 99 жыл ішін­де оның өсімі не болмақ? Қы­тай өзі - табиға­тынан тез өсетін халық.

Біздің билік қытайлықтар жер­ді тек жалға алады және жұ­мыс күшін өздері әкеледі, біз - қожайынбыз дегенді айтады. Алайда 1988 жылдан бастап қытайлықтар жаппай ағылған Еуропаны, өзге мемлекеттерді мысалға алсақ, соның өзі Қытай қаупін аңғартпай ма. Мысалы, осыдан жиырма жыл бұрын Шығыс Еуропаға барған қытай тасқыны қазір сол елдердің бас ауруына айналды. Қытайлар Еуропаның өзінде тез қарқынмен өсіп жатыр, ал өлім-жітімі туралы мәлімет берілмейді. Неге? Өйткені Еуропаны қалай да басып алуы керек. Ол үшін өлген адамның орнына екінші бір қытай келеді. Сөйтіп, «еш өлімсіз» өсіп-өніп жатыр.

Қытайда қазір мектеп қа­быр­ғасындағы оқушыларға Ресейдің Қиыр Шығысы, яғни Байкалға дейінгі, Қазақстанның Балқашқа дейінгі аумағы түгел­дей «Аспан асты елінің» тарихи аумағы деп оқытылады. Бұл туралы біраз жылдардан бері баспасөзде айтылып, жазылып жатыр. Ұрпақ санасына осы аумақтарды кезінде орыстар тартып алған деген ойды сі­ңіре­ді екен. Ал бұл жерлердегі бұрынғы хұндар мен көктүрік­тердің ұрпағы олар үшін еш- қашан дербес ел болмаған, «ұлы Қытайдың» құрамдас бө­лігі ретінде қаралады. Олар, - бүгінгі Қытай үшін, - қытай.

- Қытайдың саяси қатерін айттыңыз, енді экономикалық қаупі туралы не айтасыз?

- Бұлардың саяси қулығы-на - экономикасы, экономика­лық айласына саясаты қабы­сып жатады. Биыл Тәжікстан Қы­тай­ға жалға жер берді. Егер бұл тәжірибе ойдағыдай болып жатса, Қытай біздің елге ауыз салмақ. Ал біз тәжік сияқты жер емген халық емеспіз. Қазақ­стан үкіметі елде бір миллион жұмыс күші жетіспейді деген сөзді 2006 жылы айтты.

Қазақстанда заң бойынша, 50 мың мүшесі бар саяси партияны тіркеуге болады. Ал 1 мил­лион гектар жерге қанша қытай келеді. Демек, іргеге кел­ген Қытай ертең саясатқа араласып, өзімізге билік жүр­гіз­бесіне кім кепіл?

Экономикалық тұрғыдан алып қарағанда, Қытайға жалға жер беру саясатының қаупі әлі алдымызда.

Жалпы, Қытайдың эконо­ми­калық саясаты өте терең және жан-жақты жасал­ған. Осы­дан жеті жыл бұрын, яғни 2003 жылы Қытайда өн­діріл­ген тұр­мыстық электроника өнімде­рінің әлемдегі сатылымы 6 пайызды құраған. Ал бір жылдан кейін бұл көрсеткіш 47 пайызға көтеріліпті.

Яғни дүние жүзі бойынша сатылған бұндай тауардың әр екіншісі Қытайда өндірілген деңгейге көтерілген. Бұдан Қытайдың әлем­дік экономикада өте тез қар­қынмен әлем нарығын жаулап бара жатқанын аңғаруға болады.

Оның үстіне, қазір Қытайда қордаланған ақша көп. Олар оны Канададан бастап, Африка, Азия елдеріндегі шикізат көздеріне құяды. Мысалы, Қа­зақстаннан мұнай, газ сатып алады. Онсыз да олардың Қа­зақстан мұнайындағы үлесі қазірдің өзінде 25 пайызды құрайды. Дәл мұндай биліктің тұсында Қытай қазақтың бар байлығын сатып алса, ақшасы да, айласы да жетеді.

Жаңадан салына бастаған Батыс Еуропа мен Батыс Қы­тайды жалғайтын құрлық жолы Қытай экономикасының әлем­дік нарықты жаулауға шығатын тағы бір қомақты негізі болмақ. Ол Қытай экономикасы үшін жасалып жатқан ерекше тиім­ділік десек, артық айтқандық болмас. Қытайдың Қазақстанға ғана емес, дүниенің барлық елі­не қауіп төндіріп тұрған ел еке­нін осының өзі де аңғартпай ма?

Қытайда Қазақстанды ғана зерттейтін оншақты институт бар екен, ал бізде Қытай экономикасын, саясатын, мемлекет құрылымын зерттейтін институт емес, бірде-бір кафедра жоқ. Мұнымыз - аузын айда­һар­­дай ашып отырған алып елге үнсіз жұтылу деген сөз.

Біздің елде қытайтанушы білікті мамандар бар, бірақ соларды Қытай қаупінен сақ­тануға, жөні түзу диплома­тиялық қатынас жүргізуге пайдаланбаймыз. Біз­дікі - бір ғана адамның, айта­лық, Назар­баев­тың айтқанына көніп, ай­даға­нына кетіп бара жатқан тірлік. Басқа ми жүгіртіп ойланатын ешқандай қиын дүние жоқ.

- Ал енді бір саясаттанушылар Қазақстанның Қытайға үйіршектігі Ресейдің ықпалынан шығудың амалы деген пікір айтады...

- Мен Қазақстанның Ресей ықпалынан шығу үшін Қытайды жағалап, алып екі елдің ортасынан өзіндік жол тапқан стра­тегиялық саясатын көріп отыр­ған жоқпын. Байқайтыным, бар­лығы да - бүгінгі билікті бекем етудің ғана қамы. Ол Ресейдің қолтығына тығылып, өзінің қара басын құтқара алмасын біледі.

Өйткені қазіргі Ресей қалтылдаған шал сияқ­ты. Бар сенері - мұнайы мен газы ғана. Ал Америка оны қорғамайды. Айналып келгенде, Назар­баевтың сенетіні - Қытай. Өйткені Қытай - айда­һар. Оған АҚШ-тың өзі аса сақтықпен қарайды.

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 09 (92) 09 наурыз 2011 жыл

Сұхбаттасқан Жұқамыр ШӨКЕ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475