Қарекетте - берекет!
Астана қаласының әкімдігі қазақ мектептерін дамытуды қолға алып жатыр дейді. Әсет Исекешев, Ермек Аманшаевтардың бұл игі бастамаларын барлық ел болып қолдап, басқа қалалардың барлығына тарату керек. Барлық облыс, қала әкімдерінің, шенеуніктер мен ел азаматтарының осындай мемлекеттік шараға бір адамдай болып жұмылып кірісу абыройлы міндеттері. Үкіметтің 2012 жылғы қаулысында "2020 жылы елдегі азаматтардың 95 пайызы мемлекеттік тілді меңгереді" деп көрсетілген. Қазақ тілі дамымай бұратана болып қалады. Интеллектуальдық ұлтқа өтудің бірден-бір жолы - ол мемлекеттік тілді дамыту арқылы іске асады. Қарекетте-берекет.
Жанұзақ Әкімнің facebook парақшасынан
Abai.kz