ҚР Білім және ғылым министрлігі: Хиджаб
Білім беру ұйымдарында хиджаб кию туралы сұрақтардың жие түсуіне байланысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі төмендегіні хабарлайды.
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңының 35-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекет баланың ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың дiни дүниетанымына негiзделген тәрбиеге араласпауға, бiлiм беру, тәрбиелеу, емдеу ұйымдарының және өзге де сол сияқты мекемелердiң шегiнен тыс жерлерде баланың қатысуымен дiни жоралардың жасалуына, аталған әрекеттер баланың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн, оның құқығын бұзатын және жауапкершiлiгiн шектейтiн жағдайларды қоспағанда, кепiлдiк бередi деп жазылған.
Заңды тұлға ретінде білім беру ұйымдарының қызметі білім беру ұйымының білім алушылармен, тәрбиеленушілермен және (немесе) олардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен қарым-қатынастарын ресімдеу тәртібі анықталған жарғының негізінде және оған сәйкес жүзеге асырылады («Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабы 1-тармағы 6) тармақшасы (бұдан әрі - Заң).

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында білім алушыларды тәрбиелеу мақсатында тәртіптік ықпал ету және өзге де шаралар қолдану ретінде білім беру ұйымдары дербес бекіткен ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес бірыңғай киім үлгісі белгіленеді (Заңның 43-бабы 3-тармағының 1) тармақшасы және 47-бабының 18-тармағы).
Білім беру ұйымдарында ішкі тәртіп ережелерін сақтау білім алушы мен тәрбиеленушінің міндеті болып табылады (Заңның 47-бабы 14 - тармағы).
Республиканың жалпы білім беретін мектептерінде бірыңғай мектеп формасын енгізу оқушының әлеуметтік жағдайына, ұлттық, діни және басқа да белгілеріне қарамастан, оқушының тәртібін, мәртебесін арттыруға бағытталған.
Осылайша, зайырлы оқу орындарында бірыңғай киім үлгісін белгілеу оқушылардың діни сенімдерін білдіруге құқықтарын шектемейді, өйткені аталған талап діни нанымына қарамастан барлық оқушыларға бірдей қойылады.
«edu.gov.kz» сайты