Семей полигонын жабу. Елбасының тарихи және пацифистік Жарлығы
Биыл Қазақстан Тәуелсіздігіне және Семей ядролық полинонының жабылғанына 30 жыл толады!
Биыл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигоны жабу туралы тарихи және пацифистік Жарлығына 30 жыл толады. Семей ядролық полигоны бұрынғы КСРО-да ең алғышқы және ең ірі ядролық полигоны болған. Оны кеңес мемлекеттік құжаттарында Семей ядролық сынақ полигоны немесе СЯСП деп атады. Ресми атуы былай болған – 2-ші Мемлекеттік орталық сынақ полигоны (2 МОСП). Бұл полигонда кеңес кезінде ең заманға сай ядролық қаруы сақталған. Әлемде сондай әскери объектілер тек төртеу болған еді.
Семей полигонының 50 жылдан аса тарихы – бұл бұрыңғы Кеңес Одағының қару-жарақ шығарудағы жарыстың әлемдік тарихы. Бұл полигон біздің еліміздің жерінде және Семей (қазіргі Шығыс-Қазақстан) облысында, Семей қаласынан солтүстік-батыс жерінде (130 шақырым) орналасқан. Полигонның аймағы - 18500 км².
Ең алғашқы ядролық сынақ осы полигонда кеңес әскерлері 29 тамызда 1949 жылы өткізген еді. Бомбаның күші 22 килотоннадан тұрды. Бұл полигонда кемінде 468 ядролық сынақ жасалған еді. 1949 - 1962 жж. аралығында - 30 жер үсті ядролық сынақтар, 88 ауада ядролық сынақтар өткезілді, олардың арасында бірінші термоядерное құрылғысы (12.08.1953) және әлемдегі алғашқы сутегі бомбасы (22.11.1955), 6 атом сынақтар үлкен биіктікте және ғарышта өткезілген. Сынақ полигонның басқа жерде 340 жер асты сынақтар өткезілді: тік ұңғымаларда және көлбеу туннельдерде. Құны бір ядролық жарылыс - 30 млн. кеңестік рубль.
КСРО-да өндірілген 70% ядролық қаруды сынау Семей полигонында болған және ядролық қалдықтар біздің жерімізде 300 жуық. Полигон ең алдымен орасан зор нұқсан Қазақстанның жер, суға, ауаға әкелді. Мұның бәрі тірі әлеміне кері әсерін тигізді. Осылайша, Қазақстанның жеріне, фаунаға, флорасына, адамдардың денсаулығына ядролық жарылыстар үлкен залал жасады. Ядролық сынақтар адамдарға бұран болмаған аурулар әкелді. Науқастардың саны өсті: қатерлі ісік, т.б. аурулары көбейді, адам өлімі де көбейді. Тек, 1962 жылдан бастап, Семей жерінде адамдар ұшыраған радиацияға байланысты медициналық тексерулер басталды.
1989 жылы ақпанда бүкілреспубликандық митингте бірінші кеңестік антиядролық қозғалысы "Невада-Семей" дүниеге келді. Оны ақын Олжас Сүлейменов басқарды. Қысқа мерзім ішінде бұл қозғалыс Семей ядролық полигоны және оның «жұмысы» туралы бүкіл Қазақстан жұртшылығына, одан кейін КСРО халқына, содан кейін әлем жұртшылығына ащы шыңдық жеткізді. Осының арқасында алғаш рет дүние жүзінде ядролық мораторий кеңес басшылары енгізді. 1989 жылы 18 жоспарланған Семей ядролық полигонында 11 атом жарылыстар тоқтатылды. Екі жылдан кейін Елбасының Жарлығы бойынша бұл өлім тарататын полигон толық жабылды!
Қазақстанның тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап ядролық саясаты - негізгі мәселелердің бірі ретінде күн тәртібінде тұрған еді. КСРО ыдырағаннан кейін, Қазақстан үш республикалардың (Ресей, Украина және Қазақстан) бірі ядролық қаруы бар елге айналды. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан Республикасының Президенті табанды түрде елде ядролық қару жоюда саясат жүргізді.
Елбасы өз «Тәуелсіздік дәуірі» фундаменталды еңбегінде былай деп бұл өте күрделі және маңызды мәселе туралы әңгімелейді: «Аумағымыздағы Семей сынақ полигоны, мұраға қалған кеңестік қару-жарақ тәуелсіз республиканың меншігіне өткеннен кейін, бізге үлкен таңдау жасау қажет болды. Бәске ұзақ мерзімді ұлттық қауіпсіздік тігілді. Таразының бір басында, өзіміздің әскери қуатымыздың ресурсы ретінде ядролық әлеуетті сақтап қалу, ал екінші басында өзіміз үшін ядролық қарусыз болашақ таңдап, одан бас тарту арқылы бүкіл жер жүзіне біздің мақсатымыз күшімізді қару-жарақ жинаумен дәлелдеу емес екенін көрсету тұрды. Осынау күрделі таңдау алдында тұрған кезде Алматыға, көптеген адамдар үшін тірі аңызға айналған, Маргарет Тэтчердің келгені есімде. Дегенмен алғашқы кездесуден-ақ бастысы қонақтың биік мәртебесі немесе маңызын сезіну емес, жұмыс пен мәселенің шешілуі екеніне ден қойдық. Ол өте еркін, тік мінезді әрі ашық адам болатын. Тэтчер бірінші кездесудің өзінде маған: «Сіз ядролық қаруды не істемек ойдасыз?» – деген сауалды тікесінен қойды. Іштей кесімді шешім қабылдап қойсам да, әлі де ойлану үстіндегідей қалып таныттым. Бір жағынан маған оның мұндай тік мінезі ұнады. Екінші жағынан, Тэтчердің бұл сауалды өз тарапынан ғана емес, сондай-ақ батыстағы тұтас саясаткерлер ортасы атынан қойып отырғанын түсіндім. Ал негізгі келіссөз процесі әлі алда еді, сондықтан картаны алдын-ала ашып тастауға да болмайтын. Дегенмен мен Тэтчермен барынша ашық сөйлесуге шешім қабылдадым және өз көзқарасымды барынша нақты білдірдім. Қазақстан қару-жарақтың таралу қаупіне жауапкершілікпен қарайды, бірақ бізге ядролық мемлекеттердің кепілі қажет еді, сонымен бірге елеулі инвестицияға есеп жасап отырғанбыз. Онсыз біз нақты келіссөздер жүргізе алмайтын едік. Осы әңгіме барысында Тэтчер мені мұқият бақылады. Бірінші кездесудегі сол ойлы да қатаң көзқарас есімде жақсы сақталыпты. Өзіңді рентген сәулесі арқылы тексеріп жатқандай болатын. Алайда біздің сөзімізде ешқандай жасырын астар болған жоқ. Тэтчер менің ашықтығымды жоғары бағалады. Кейде саясатта стереотиптерді бұзу да қажет. Өзіңнің қарсы алдыңда отырған адамның мінез-құлқы мен деңгейін түсіну де маңызды. Менің басымнан әлемдегі ең ірі мемлекеттердің бірінің президентіне байланысты бір оқиға өтті. Атын айтпақ-ақ қояйын. Өйткені тұтас бір мемлекеттің беделіне нұқсан келтіргім келмейді. Дегенмен сол адамның бойындағы үлкен саясатқа деген көзқарас болмашы ғана есебі бар кішкентай компанияның жұмысты жаңадан бастаған есепшісіне тән болатын. «Есесіне мен не аламын, әңгімелесуші мені алдап кетпей ме?» дегендей ойда отыратын. Ал Маргарет Тэтчермен әңгіме барысында оның ерік-күші мен деңгейін бірден сезіндім. Ол қашанда өзіне не қажет екенін білетін. Әңгіме деңгейін де өте үлкен биікке шеберлікпен көтере алатын. Алматыдан аттанарда Тэтчер маған: «Меніңше, Сізбен әлі де көп жайды талқылауға болатын сияқты», – деді. Шынында да, солай болды. Бұдан кейін де онымен бірнеше мәрте кездестік. Лондонға барған сайын мен міндетті түрде оған соғатынмын. Осылайша, Қазақстанның «ядролық мәселеге» байланысты таңдауы біржола шешілді: 1991 жылдың 29 тамызында мен Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойдым. Алайда проблемалар көп еді. Сондықтан 1992 жылдың қазанында БҰҰ-да сөз сөйлегенде, мен осынау ажалдың апанын жапқанымызды, бірақ аймақты сауықтырып, зардап шеккендерді емдеу, нәрестелерді қатерден қорғау үшін мол қаржы керек екенін атап көрсеттім. Әлемдегі АҚШ, Ресей мен Украинадан кейін көлемі жағынан төртінші ядролық арсеналдың тағдыры туралы мәселе ашық күйінде тұрған. 1991 жылдың соңында республика аумағында 1216 ядролық оқтұмсық болды. Бұл сол кезде Ұлыбританияның, Франция мен Қытайдың оқтұмсықтарын қосып есептегеннен де көп болатын. Мен «ядролық қару-жарақ Қазақстанның аймақтағы ықпалын күшейтуге қабілетті» дейтіндердің пікіріне мүлдем келіспедім. Саясаткер ретінде ядролық мемлекет мәртебесі елге болмашы ғана артықшылық беретінін, есесіне болашақта үлкен сыртқы саяси проблемалар тудыратынын айқын түсіндім. Атап айтқанда, Ресей өзін КСРО-ның бірден-бір ядролық мұрагерімін деп есептеді, ал АҚШ пен басқа да батыс державалары әлемге тарап кеткен ядролық қарудың терроршылар үшін қолжетімді болу мүмкіндігіне алаңдады. 1992 жылдың басында жас тәуелсіз мемлекеттер ядролық қаруды бір жерден бақылау мәселесіне келісе алмағаннан кейін, олардың алаңдаушылығы тіпті күшейе түскен. Біздің аумағымыздағы ядролық әлеует проблемасының шешімі белгілі бір деңгейде – Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Армения арасында 1992 жылдың мамырында Ташкентте қол қойылған Ұжымдық қауіпсіздік келісіміне айтарлықтай әсер етті. Аталмыш алты елдің кез келгеніне төнген сыртқы агрессия қатері қалған қатысушылардың оған, кез келген қажет болса, әскери көмек те беруге міндеттейтін. Сол 1992 жылдың мамыр айында үлкен Джордж Бушпен келіссөздер барысында, «ядролық мәселенің» еліміз үшін барынша пайдалы, оңтайлы шешімін табудың сәті түсті. Біздің дипломатиямыз әлемдегі аса ірі державаның Қазақстанды саяси тұрғыда толық мойындауына және бізбен жанжақты экономикалық әріптестікке әзір болуына қол жеткізді. Осылайша, әлем тарихында тұңғыш рет сыртқы саяси диалогта ядролық қаруға ие болу емес, керісінше, одан бас тарту маңызды тетікке айналды. 1993 жылдың ақпанында біз жаңадан сайланған АҚШ президенті Билл Клинтонның Мемлекеттік хатшы У. Кристоферге Қазақстанмен әріптестік мәселелерімен айналысу туралы тапсырма берген хатын алдық. Атап айтқанда, Б. Клинтон «Нанн-Лугар заңына сәйкес, АҚШ Қазақстанның ядролық қарудан азат болу процесіне көмектесу үшін қаржы бөлуге міндеттенетінін» жазыпты. Дегенмен, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстанға келген кезде шахталардағы ядролық зымыран қондырғыларын жою жөніндегі келісімшартқа жылдам қол қойғызу үшін тізеге салмақ болды, мен оны тоқтаттым. Әрине, біз АҚШ-тың алаңдаушылығын түсіндік және өзім де келісімге қол қою ға дайын едім. Бірақ дәл мұндай стратегиялық шешім үшін Қазақстан не алады? Мен оның есесіне Қазақстанның экономикасын әртараптандыруға, қорғаныс кәсіпорындарын бейбіт мақсатқа пайдалануға және басқа да қажеттіліктерге керекті америкалық инвестициялардың келуін талап еттім. Жалпы, біздің АҚШ-пен арада экономикалық әріптестік жөніндегі мемлекетаралық келісіміміз жоқ болатын. Біз тек мұнай бизнесі ғана емес, басқа да америкалық бизнес түрлерінің Қазақстанға келуін қаладық. АҚШ үкіметі оған мүмкіндігінше септесуге тырысты. Ол үшін мемлекетаралық маңызды келісімдер керек болатын. Қысқасы, келісе алмадық. Сөйтіп, Кристофер риза болмай кетті. Мұндай жағдайларда АҚШ-қа пайдалы нәрселердің басқаларға да автоматты түрде пайдалы болатыны туралы америкалық элитаның ниеті заңды да. Бірақ маған өз елімнің мүддесін қорғау керек еді. Сөйтіп саналы түрде тәуекелге бардым. Бақытымызға орай, президент Б. Клинтон мен вице-президент А. Гор реалистік тұрғыда ойлайтын адамдар болатын. 1993 жылдың 10 желтоқсанында Жоғарғы Кеңес ядролық қару-жарақты таратпау туралы келісімшартқа қосылуға дауыс берді. 1994 жылдың 28 наурызында Борис Ельцинмен Қазақстан аумағында уақытша орналасқан Стратегиялық ядролық қарулар туралы келісімшартқа қол қойылды. Келісімшартқа сәйкес, Ресей Қазақстанға ядролық шабуыл қатерінен қорғауға кепілдік берді. Қазақстанның басты артықшылығы – жаппай қырып-жоятын қару-жарақтың мол қорында емес, керісінше, ашықтықта, бейбітшілікте, саналы ой-сана мен моральдық беделде екенін біз о бастан жақсы сезіндік. Ол ядролық қарусыз мемлекетті жүздеген, тіпті мыңдаған оқтұмсығы бар мемлекеттерден де қауқарлы күшке айналдыра алатын. Ұзақ мерзімді ұлттық қауіпсіздікті нығайту үшін қатерлі қарудан бас тартудың мұндай саясаты барлық замандарда да өзгелерге үлгі болуға тиісті еді. 1994 жылдың қазан-қараша айларында АҚШ Қазақстаннан (Өскеменнен) Америкаға 600 килограм жоғары байытылған уранды алып кету жөніндегі «Жақұт» операциясын іске асырды. 1994 жылдың 5 желтоқсанында Будапештте өткізілген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) саммитінде Қазақстан, Ресей, АҚШ және Ұлыбритания басшылары Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімге қосылған елдердің қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы Меморандумға қол қойды. Соңынан Қазақстанға мұндай кепілдікті, Франция мен Қытай сияқты, басқа да ядролық мемлекеттер берді. Бұл әлемдік қоғамдастықтың Қазақстанның өз міндеттемесін орындауын мойындайтынын және оған жауап есебінде қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығына кепілдік беретінін білдіретін. 1995 жылдың мамыр айының соңына қарай Қазақстан аймағындағы ядролық қару толық жойылды немесе әкетілді, баллистикалық зымырандардың шахтадағы қондырғылары да жойылды. Осылайша, кеңестік ядролық қаруды мұраға алған, ел алдындағы аса күрделі міндетті – бүкіл әлемнің мүддесіне сәйкес және ұлттық қауіпсіздікке ешқандай нұқсан келтірмей шеше алдық».
Осылайша, ядролық қарудан бас тарту біздің Отанымыздың қауіпсіздікті нығайтып жіберді, өйткені ол қауіпсіздік кепілдігін бірқатар ядролық державалар – АҚШ, Ресей, Ұлыбритания (желтоқсан 1994 жыл) берді. Ядролық державалар, міндетте түрде Қазақстанның тәуелсіздігі мен шекараларын құрметтеуге, төтенше жағдайда әскери көмек көрсетуге дайын деп айтты. Ақпан айында 1995 жылы бұған Қытай үкіметі қосылды.
Бірқатар шет елдердің қолдауымен біздің республикада бұрынғы әскери-зерттеу инфрақұрылымын конверсия бойынша бағдарлама жүзеге асырылды. Семей ядролық полигоны орнына 1993 жылы Ұлттық ядролық орталығы (ҰЯО) құрылды: сонда 3 ғылыми-зерттеу институты жұмыс істейді - атом энергетикасы, геофизикалық зерттеулер, радиациялық қауіпсіздік және экология.
Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс Халықаралық Университеті «Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі
Abai.kz