Сенбі, 23 Қараша 2024
3644 0 пікір 29 Тамыз, 2018 сағат 11:38

Тимирязев көшесінде BRT-ге арналған арнайы жолақ салынып жатыр

Алматының Тимирязев көшесінде «Жүрдек қоғамдық көлікке» (BRT) арналған арнайы жолақ салынып жатыр. Жүрдек автобустар жолағы Тимирязев көшесі бойымен Байзақов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін жұмысын бастап та кетті.

Алматы қаласы ІІД әкім­шілік полиция басқармасы басшысы Ж.Мұраталиевтің мәлімдемесі бойынша «Жүр­дек жолақ» кезең-кезеңмен батыс бағытта созылып, жол құрылысы толықтай 2019 жылға дейін аяқталады екен.

Ішкі істер департаменті осы «арнайы жүрдек жолаққа» үйрену үшін алматылық көлік жүргізушілеріне мүмкіндік беріп отыр. Яғни 10 қыр­күйекке дейін «Арнайы жүр­дек жолақпен» жүрген жеңіл көлік­терге айыппұл салын­байды. Осы күндері Тимирязев көшесіндегі «жүр­дек жолақта» жол поли­ция инспекторлары кезекшілік етеді. Олар ереже бұзған жүргізушілерге ескер­ту жа­сап, BRT жолағының ерекше­ліктерін түсіндіреді. Ескерту, түсіндіру жұмыс­тары 10 қыр­күйекке дейін жалғасады.

Алайда, ішкі істер қыз­мет­керлері жүргізушілерге бел­гіленген мерзімге дейін «жаңалыққа» үйреніп алу қажеттігін ескертеді. Яғни 10 қыркүйектен бастап жол ережесін бұзушылар заңнама бойынша «жазаланады», айыппұл төлейтін болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377