Алматы облысының футбол клубтарын қаржыландыруға 1 миллиардтан астам теңге жұмсалып отыр
ТАЛДЫҚОРҒАН. 14 наурыз. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысының кәсіби футбол клубтарын қаржыландыруға ағымдағы жылы 1 350 000 000 теңге бөлініп отыр.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, облыс бюджетінен «Жетісу» футбол клубына 900 400 000 теңге, ал бірінші лигада ойнайтын «Іле-Сәулет» (Іле ауданы), «Сұңқар» (Қарасай ауданы), «Ақ бұлақ» (Талғар ауданы) командаларының әрқайсысына 150 000 000 теңгеден бөлініп отыр.
Сондай-ақ облыс әкімі Серік Үмбетовтың ұйытқы болуымен қыздардың кәсіби футбол командасы құрылды.
Ал «Жетісу» клубының мұқтаждығы үшін заманауи автобус және еліміздің басқа қалаларына және шетелдерге ұшу үшін «Як-40» ұшағы да бөлініп отыр.
«Мұндай қолдау командаларымыздың ойындарына оң әсерін тигізетіні анық және биыл олар барынша нәтижелі ойын көрсетеді деген ойдамыз», - деді облыс әкімі жақында «Жетісу» клубының ойыншыларымен және жаттықтрушыларымен болған кездесуде.