Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5069 5 пікір 29 Тамыз, 2018 сағат 15:11

Еуропаны шіріген деп қоямыз...

Көпшілік "іріп-шіріген қоғам" санайтын Еуропада бала мен ана құқығы тамаша қорғалады. Онда "өз балам, ұрсам да, соқсам да өзім білемін" деген қағида жоқ. "Мемлекет араласпасын, балама қандай тәрбие берсем де өзім білемін" деп тоқпақтап, таяқтың астына алатындар жоқтың қасы.

Ұлыбританияда баланың көңіл-күйі жоқ болып сабаққа келсе, онымен бірден психолог сөйлеседі. Ал егер баланың бір жері көгеріп келсе, онда бірден ата-анасы мектепке шақырылып, құқық қорғау органдарымен әңгіме басталады. Бұл баланың құқығын қорғау ма? Қорғау!

Ал бізде асылып өлгеннен кейін барып, билік өтірік тексеру ұйымдастырып, балажанды бола қалады.

Балабақшада ешкім сәбиді қылқындырып, тұншықтырып ұйықтатпайды. Ұрмайды, соқпайды. Олай еткендердің жазасы біреу. Темір тор! Бұл баланың құқығын қорғау ма? Қорғау!

Оларда адам және оның өмірі, құқығы басты орында. Бала адам, демек оның құқығы да маңызды, бірінші орында.

Бізде биік мінбердегі былғары креслода отырған көкелеріміз осы ана мен бала құқығын қорғаймыз деп миллиондап алып отыр. Бірақ қорғалған құқық көріп тұрғаным жоқ.

Балабақшада баланы тұншықтырған қатын қатаң жазалансын! Түрмеде түндерін, жылдарын өткізуі тиіс. Баласын қорғамаған, балалығын ұрлаған елдің болашағы бұлыңғыр, келешегі тұманды. Су жаңа омбудсменіміз тіпті көрінбейді де...

Еуропаны шіріген деп қоямыз, өзімізде шіритін де ештеңе қалмады-ау...

Асхат Қасенғалидың Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385