Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2165 0 пікір 14 Наурыз, 2011 сағат 05:34

Қазақстан ислам әлемі елдерін экономикалық, саяси, мәдени тұрғыда әлеуетті әріптес ретінде қарастырады - К.Мәсімов

АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан ислам әлемі елдерін экономикалық, саяси, мәдени тұрғыда әлеуетті әріптес ретінде қарастырады.

Бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстанда Исламдық қор нарығын дамытуға арналған конференцияның қатысушыларына  Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің жолдаған құттықтау хатында осылай айтылған.

Құттықтау хатты Премьер-Министрдің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев оқып берді.

«Аталған конференция исламдық қаржыландыруды дамытудың және инвестициялық мүмкіндіктердің өзекті мәселелерін талқылау үшін іскерлік тұғырнама болатынына сенімдімін»,-делінген К. Мәсімовтің құттықтау сөзінде.

Сондай-ақ онда исламдық қор нарығын дамыту конференциясы Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымына төрағалық ету қарсаңында ұйымдастырылуы өте маңызды екені атап өтілген. «Біз өзара түсіністік және ынтымақтастық бойынша өте жақсы қарым-қатынастарды орнаттық. Сондай-ақ, біз, бұл байланыстарды белсенді экономикалық әріптестік тұрғысында нығайта түсуіміз қажет. Ол үшін барлық қажетті алғышарттар мен  жағдайлар бар»,-делінген  құттықтау хатта.

Осы орайда Премьер-Министр ислам елдерінің бизнесмендерін еліміздің индустриялық-инновациялық даму жобаларын іске асыруға белсенді түрде қатысуға шақырды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5489