Жұма, 29 Қараша 2024
46 - сөз 4891 6 пікір 1 Қыркүйек, 2018 сағат 16:24

Өзгеріс пен мамандану мектептен басталады

Американы айта берді деп сөкпегейсіздер. Білім күніне орай айтылмаса болмайтын тағы бір ой бар.
Осыдан екі жыл бұрын Бостонда ұлым Алаш бірінші сыныпқа барды. Келер жылдың күзінде екіншіге көшті. Екіншіге келсек, мұғалім басқа, оқушылардың көбі былтыр бірге оқығандар емес. Сөйтсек, мектепте сынып жетекшілерін жыл сайын ауыстырып, оқушыларды класстарға қайта бөліп тастайды екен. Айталық, мектепте бірінші сыныпта төрт класс болса, келер жылы әр классты төртке бөліп, класстарды қайта жасақтайды. Оның пайдасы мынадай.
Біріншіден, оқушылар өзгеріске үйренеді. Өркениет пен даму өзі өзгерістен тұрмаушы ма еді! Ондағы балаларда мектеп бітіргенше бір бөлмеде, бір партада отыру деген жоқ. Жылда өзгереді. Үлкейген соң өзгерістен көп стресс алмайтын болады. Өзгерісті өмірдің соңы деп емес, бастауы деп ұғатын болады. Жалпы, егер Американы әлемнің алпауыты етіп отырған формуланы бір сөзбен жеткізер болсам, "өзгеріс" дер едім. Өзгеріс ғайыптан тайып келе салмайды екен. Өзгеріске бірінші сыныптан бастап міне осылай тәрбиелейді.
Екіншіден, мұғалім маманданады. Себебі, бірінші сыныптың класс жетекшісі тек қана біріншіге, екіншінің мұғалімі тек қана екіншіге ғана сабақ береді. Американы алпауыт елге айналдырып отырған екінші күш - бұл мамандану. Бірінші сынып пен екінші, екінші мен үшінші класс балаларының танымдық-псиxологиялық дамуы әртүрлі. Сондықтан, өмір бойы бірінші сыныпқа сабақ беретін мұғалім сол жастағы балалармен жұмыс істеуге маманданады. Бірінші сыныптарға білім беру жөнінде ғылыми материалдарды оқиды. Жыл сайын кәсіби білігін жетілдіріп отырады. Бізде төртінші сыныпты аяқтатқан сынып жетекшісі бірінші классқа қайта оралады да, біраз уақытқа дейін өзін өзі біріншінің балаларына төртінші класс оқушырына сабақ бергендей ұстауы мүмкін.  
Қорыта айтсақ, дамудың көздері өзгеріс пен мамандану мектептен басталады.

Шыңғыс Мұқанның facebook парақшасынан

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1577
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3390
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6568