Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2408 0 пікір 15 Наурыз, 2011 сағат 07:24

Биыл Астанада Наурыз мейрамына арналған негізгі іс-шаралар «Қазақ елі» монументінің алдында өтеді

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Биыл Астанада Ұлыстың ұлы күні - 22 Наурыз   мейрамын атап өтуге арналған негізгі іс-шаралар «Қазақ елі» монументінің алдында өтеді.

Бұл туралы агенттік тілшісіне берген сұхбатында қалалық Мәдениет басқармасы бастығының орынбасары Қанат Төкесбай мәлім етті.

Оның айтуынша, мейрам күні «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңға әрбір аудан әкімдігі он-оннан барлығы 30 киіз үй тігеді. Оларда биыл жылдағы дәстүр бойынша дастархан жайылмайды, оның орнына ұлттық қол өнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтеді. Сондықтан барлық киіз үйдің есігі келушілер үшін айқара ашық болады. Онымен бірге, елордалықтар мен қала қонақтары Наурыз мейрамының басты тағамы - Наурыз көже мен бауырсақтан тегін ауыз тие алады. Қалалық мейрамханалар мен наубайханалар да өз өнімдерін ұсынатын болады.

Мейрам қалалық театрлар, цирк және филармония әртістерінің сомдауындағы әсерлі театрландырылған көріністен басталады. Одан кейін «Қазақ елі» монументінің алдына орнатылатын сахнада қазақ эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетсе, «Шабыт» өнер үйі мен «Тәуелсіздік» сарайының алдына қойылатын кішігірім сахналарда ұлттық спорт ойындарынан жарыстар мен көпшілікке арналған басқа да шаралар ұйымдастырылады.

Мерекелік шаралар осы күні сондай-ақ «Жастар» сарайының алдында өтеді. Ал «Думан» ойын-сауық орталығына келушілер «Наурыз -Думан» атты қойылымды тамашалай алады. Қала театрлары өз кезегінде, өнер сүйер қауымды өздерінің үздік және жаңа қойылымдарына шақырады. Мектептер мен кітапханаларда мерекелік танымдық шаралар өткізіледі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5501