Наурыз мейрамы қарсаңында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету күшейтілді - ІІД
АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Наурыз мейрамын мерекелеу қарсаңында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету күшейтілді.
Астана қалалық Ішкі істер департаментінде болған бүгінгі баспасөз мәслихатында мәлім болғандай, тәртіп сақшылары «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасын өткізіп жатыр. Құқық бұзушылықты болдырмау мен қаладағы тәртіпті нығайту мақсатында жүзеге асырылып жатқан шара 14-18 наурыз аралығын қамтымақ.
Сонымен қатар із-түссіз жоғалған азаматтарды іздестіру, ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлерді ұстау, экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған тұлғалардың заңсыз әрекеттерін әшкерелеу мен кеден заңнамасын бұзу фактілерін анықтау бойынша ТМД елдері құқық қорғау органдарымен бірлескен «Іздестіру» шарасы да жүргізіліп жатыр.
ІІД мәліметтеріне сәйкес, алғашқы күннің қорытындылары бойынша ІІО-да есепте тұрған 542 азамат тексеріліп, 1153 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған, қаңғыбастыққа салынған 51 адам ұсталған. ҚР шекарасында заңсыз жүрген 4 шет ел азаматы сыртқа шығарылған.