Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2488 0 пікір 15 Наурыз, 2011 сағат 07:33

Сенат комитетінде «шөптік микстердің» сатуын тиятын жоба талқыға түсті

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің кеңейтілген отырысы болып өтті.

Жиын барысында сенаторлар  «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» заң жобасын талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, Мәжілістің мақұлдауынан өткен осы заң жобасына депутаттар бастамашылық жасаған болатын. Бұл ретте бастамашылар есірткіні пайдаланудың жасөспірімдер арасында кеңінен таралуы қоғамның үлкен алаңдаушылығын тудырып отырғанын алға тартып, бұған қоғам мен әлеумет өз ықпалын күшейтулері тиістігін айтқан еді. Сонымен қатар, депутаттар бұған дейін елімізде халық денсаулығына кері әсер ететін «шөптік микстер» еркін сатылып келгеніне де алаңдаушылық білдіреді. «Бұлар есірткімен әсері бірдей. Өткен жылдың 20 қаңтарында еліміздің Бас санитарының қаулысы бойынша «шөптік микстерді» сатуға тыйым салынды. Алайда, тыйым салу шарасын бұзған азаматтарға тиісті әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған», - дейді заң жобасына бастамашы болған депутат Берік Бекжанов. Оның айтуынша, заң жобасын қабылдау қосымша қаржылық-экономикалық шығындарға соқтырмайды.

Заң жобасы  Парламент Сенатының жалпы отырысына шығарылатын болды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5503