Сенбі, 23 Қараша 2024
Тағайындау 5013 1 пікір 4 Қыркүйек, 2018 сағат 09:32

Ақан Әбдуалиев Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Ақан Әбдуалиев Алматы облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақан Әбдуалиев 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2005 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваторияны тәмамдады.

2012 жылы Алматы экономика және статистика академиясын бітірді.

Сүйінбай атындағы филармонияда, Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінде, Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында жұмыс істеді.

2008-2015 жылдар аралығында Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған арнайы мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатында еңбек етті.

2015 жылы 16 ақпанда ҚР Спорт және мәдениет министрінің бұйрығы бойынша, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры болып тағайындалды. 2016 жылдың 1–ші  маусымынан бастап Алматы облысының мәдениет және мұрағат басқармасына басшылық етті.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377