Алматы облысында лай көшкіні жүрді, зардап шеккендер жоқ - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні түнде Алматы облысы Қарасай ауданындағы Үлкен Алматы өзенінің бассейнінде орналасқан Іле Алатауында лай көшкіні жүрді.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, көшкін «Алматы-Алмаарасан» автожолының 19-шы шақырымында орналасқан «Тау-дастархан» кешені мен «Лия» дәмханасының арасына түсті. Молынан жауған жаңбыр суының салдарынан төмен құлдилаған лайдың көлемі 200 текше метрді құрады.
Құтқарушылардың ақпаратынша, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Тек «Лия» дәмханасының шатыры мен қабырғасы жартылай зақымданды.
Төтенше жағдайды жоюға 40 адам мен 9 техника жұмылдырды, соның ішінде Алматы облысы бойынша ТЖД-ның 7 адамы мен 2 техникасы, ҚР ТЖМ Республикалық шұғыл-құтқару жасағының 12 адамы мен 2 техникасы, ҚР ТЖМ «Қазселқорғау» МБ-ның 5 адамы мен 1 техникасы бар.
Қазіргі уақытта автожол лайдан тазартылды. Жол полициясы қызметкерлері аумақты бақылауға алды.