Сенбі, 23 Қараша 2024
Арылу 5425 25 пікір 4 Қыркүйек, 2018 сағат 12:48

Қызылорданы - Сырдария облысы, Тұран қаласы деп өзгертуді ұсынамын

Неге Қызылорда? Қазақтың тарихына етене Ақ Орда, Көк Орда, Алтын Орда атауларын келмеске кетірсек те, Қызылорда атына неге жабыстық та қалдық?

«Қызыл» атауы кешегі күшпен коллективтендіру жасап, малын тартып алып, қазақтың тең жартысын аштан қырған, одан қала берді қазақтың бетке ұстарларын атып, асып, қудалауға салған Кеңес үкіметімен, қызылдар партиясымен байланысты екенін біле тұра неге бұл атауды өзгертуге талпынбаймыз? Әлде, баяғыда күйреген Кеңес үкіметінен қалған үрей мен құлдық сана жібермей тұр ма?

Осы орайда қаланы және облысты қалай атауға болады деген ой туары анық.

Тарихқа үңілсек, Қызылорданың байырғы атауы – Қамысқала. Кейін Ақмешіт атанды. Бұл аймақта ертеде Ордакент, Сығанақ қалалары болған. Бұлар да қала атын иеленуге лайық. Жалпы, Қызылорда облысы - Арал теңізінің шығысында, Сырдария өзенінің төменгі ағысында жəне Тұран ойпатында орналасқан. Сондықтан Қазақстан, Сыр бойы алты Алаштың анасы, түркі дүниесінің түп тамыры екенін тағы бір бекіте түсу үшін Қызылорданы Сырдария облысы, Тұран қаласы деп өзгертуді ұсынамын.

Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов, Ілияс Жансүгіров, Әбділда Тәжібаев, Сабыр Шәріпов, Қалмахан Әбдіқадыров, Асқар Тоқмағанбетов тәрізді қазақ зиялыларының ізі қалған, Алаштың анасы атанған киелі мекенді шынымен құрмет тұтсақ, Ұлттық сананы жаңғыртқымыз келсе, тарихи әділетсіздіктерден ел тарихын арашалап алғымыз келсе, өзгерту керек. Білеміз, оған біршама қаражат кетеді. Алайда ұлттық рух, намыс одан да биік әрі қымбат.

Әділбек Қаба

Abai.kz

25 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347