Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Бәрекелді! 5351 1 пікір 4 Қыркүйек, 2018 сағат 16:15

Талдықорған: жаңа әкім 100 күнде не істеп үлгерді?

Алматы облысының орталығы – Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаевтың жаңа қызметке тағайындалғанына бүгін, міне, 100 күн толды. Аталған мерзім ішінде Дастан Тұрарбекұлы не істеді, жаңа әкімнің бет алысы қалай деген сұрақ ел арасында міндетті түрде қойылуы мүмкін. Осыған орай қала әкімінің 100 күнде атқарған 10 ісін назарларыңызға ұсынамыз:

1. Дастан Шалтабаевтың аталған лауазымға тағайындалуы мектеп оқушыларының жазғы демалысқа шығуымен барабар келгендіктен қала әкімі балаларға 1500 доп таратып, жас өспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға бастады.

2. Аталған уақыт аралығында екі арендалық және бір коммуналдық үй салынып бітіп, қала тұрғындарының пайдалануына 180 пәтер берілді.

3. Жаз айларында 100 және 75 орындық екі жеке меншік балабақша қолданысқа беріліп, бүлдіршіндердің шаттық күлкісі мектепке дейінгі ғимараттан шығып жатыр. Бүгінгі күні қалада балаларды балабақшамен қамту 97%.орындалды. Осы айда шаһарымызда тағы бір балабақша ашылады деп күтілуде.

4. Жаңа оқу жылында жаңадан бой көтеріп келе жатқан екі ауданның жағдайына байланысты 1200 орындық екі мектеп салынып, бірінші қыркүйек күні оқушылар жаңа оқу жылын жаңа мектепте бастады. Сонымен қатар, қаламызда үш ауысымды мектеп мүлде жоқ екенін атап өтуге болады.

5. Дастан Тұрарбекұлы қала әкімдігіне қызметке келгенде ауылшаруашылық жерлердің электронды картасы 21% болса, бүгінгі күні 100 пайызға толықты.

6. Биыл Астананың 20 жылдығына орай Талдықорғанда Астана және Қадырғали Жалайри даңғылдары және Зылиқа Тамшыбай мен Бәйкен Әшімов көшелері ашылды.

7. Кез келген қаланың негізгі мәселесі – заңсыз, жабайы сауда екені баршаға аян. Дастан Шалтабаев қызметке келген уақыттан бастап осы мәселемен айналысып, қаланың архитектуралық келбетіне сай келмейтін дүңгіршектерді алдырып, жабайы саудаға тиым салды.

8. Талдықорған қаласының жол құрылысы жасалынып, бүгінгі күнге 10 күрделі жөндеу жұмысы аяқталса, жеке тұрғын үй массивтерінде 21 көшенің жөнделуі жоспарланып, оның 12 көшесі бітті. Жыл соңына дейін қалған  9 көшенің де жөндеу жұмыстары аяқталады деп күтілуде.

9. Дастан Тұрарбекұлының тағайындалуымен қаланың құрылыс барысы жанданып, артта қалып келе жатқан нысандардың бәрі бір қалыпқа келтірілді.

10. Аталған жүз күннің ішінде шағын және орта бизнес өкілдері қалада 31 нысан ашып, 200-ден астам адамға жұмыс орнын тауып берді.

Осылайша жаңа қызметке келген қала әкімі Дастан Шалтабаев 100 күн ішінде 10 елеулі іс атқарды. Әкімдік қызметін енді ғана бастаған Дастан Тұрарбекұлы әлі де көптеген жұмыстар атқарып, қала тұрғындарының ықыласына бөленетініне сеніміміз мол.

Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2250
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3501