Жұма, 29 Наурыз 2024
Пруст сауалнамасы 7912 2 пікір 5 Қыркүйек, 2018 сағат 11:29

Пруст сауалнамасы һәм Abai.kz ақпараттық порталының жаңа жобасы

Лондон шаһарында Викториян кезеңінде бүкіл Еуропаны шарпыған қысқа сауалдардан тұратын тек қана шынайы жауап беруді талап ететін қызықты ойын пайда болады. Аталған ойынның қызық болғаны соншалық ұзаққа уақытқа дейін жалғасын тауып, сол кезеңдегі Карл Маркс секілді танымал адамдардың бәріне дерлік жауап беріп шыққан екен.  

Бірақ, уақыт өте келе ұмыт бола бастаған бұл дәстүрді француздың сол уақыттағы болашақ президентінің қызының ұсынысымен алғаш он төрт, кейіндеп екінші рет жиырма жасында француздың танымал модернист қаламгері Марсель Пруст жалғастырады.

Осыдан кейін, бұл дәстүр «Пруст сауалнамасы» деген атпен аталып кете барады. Кейіндеп, атақты әдебиеттанушы Андре Моруа мен сыншы Леонс Пейардың ұсынысымен бұл сауланма ХХ ғасырдағы танымал француз жазушыларының бәрінен алынып, 1952 жыл Л. Пейар арнайы сауанамалардың жиынтығын құрастыруды бастап, 1969 жылы «Француздың жүз қаламгері «Пруст сауалнамасына» жауап береді» деген атпен баспадан кітап болып басылып шықты.

Бұл дәстүр кейіннен өзге елдерде де жалғасын тапты.

2010 жылы Abai.kz ақпараттық порталы алғаш болып Пруст сауалнамасын жинауға сауын айтқан еді. Айдос Сарым, Ақберен Елгезек секілді бірер азаматтың жауабынан кейін бұл іс тоқтап қалған-тын. Біз бұл жолы да аталған бастама аяқсыз қалмау үшін елуге жуық қаламгерге сауалдарды жіберген едік. Алғашқы лектің жауаптары топырлап, сайт электронды почтасына түсіп жатыр.

Алдымен, оқырмандарға түсінікті болу үшін Марсель Прустың 14 және 20 жасындағы сауалнамаға берген жауаптарын аударып жариялауды жөн санап отырмыз.

 

 

МАРСЕЛЬ ПРУСТ
I
Он төрт жас

- Сіз үшін ең қатерлі нәрсе не?

- Анамнан жырақтап қалу.

Сіздің қай жерде өмір сүргіңіз келеді?

- Мінсіздік патшалығында. Дұрысы өз идеалымдағы әлемде.

- Сіз үшін ең мінсіз бақыт деген не?

- Жанымдағы өзім сүйетін жандармен өмір сүріп,  мөлдір табиғаттың аясында кітаптармен болуды бақыт деп білемін. Және жақын маңайда театр болса, сол мені бақытты етеді.

- Сіз қандай қателіктерді кешіруге болады деп есептейсіз? 

- Генийлердің жеке өміріндегі жасаған қателіктері.

- Сіздің ең сүйікті әдеби кейіпкерлеріңіз?

- Өз алдына идеалға айнала білген және өзін өзгелерге үлгі еткен романтикалық және поэтикалық кейіпкерлер.

- Сіздің ең сүйікті тарихи кейіпкеріңіз?

- Сократ пен Перикл, Мұхаммед, Кіші Плиний, Мюссе және Огюстен Тьеррилердің арасындағы әлдебір бейне.

- Сіздің шынайы өмірдегі ең сүйікті кейіпкеріңіз?

- Әйелге тән күнделікті қарапайым тұрмыс кешкен, кемеңгер әйел.

- Сіздің әдебиеттегі ең сүйікті әйел кейіпкеріңіз?

- Шығарманың қай жанры болмасын бойында әйелге тән нәзіктік пен сыршылдық қатар тоғысқан, сонымен қатар әсемдігі өзгелермен салыстырғанда кіршіксіз таза терең әйел кейіпкер.

- Сіздің ең сүйікті суретшіңіз? 

- Мейсонье.

- Сіздің ең сүйікті музыкантыңыз?

- Моцарт.

- Сіз ер адамның бойындағы қандай қасиетін жоғары бағалайсыз?

- Ақыл және көркем мінез.

- Сіз әйел затынның бойындағы қай қасиеттерді жоғары бағалайсыз?

- Табиғи, жұмсақ мінезді, ақылды әйелді.

 - Адам бойындағы ізгі қасиеттердің қайсысы сіз үшін өте тартымды?

- Қандай да бір нақты діннің  емес, жалпы адамзаттық көзқарастың иесі маған тартымды көрінеді.

 - Сіздің ең сүйікті ісіңіз?

- Оқу, армандау, өлең жазу.

- Танымал адамдардың ішінде өзіңіздің кім болғыңызды қалар едіңіз?

- Менің өмірімде бұндай сауал жоқ және бұл туралы ойлаған да емеспін. Бірақ, Кіші Плинием болудан бас тартпас едім.

 

II

Жиырма жас:

- Сіздің мінезіңіздің басты ерекшелгі қандай?

- Сүйікті болу. Бірақ таңғалдырудан гөрі, қамқорлықпен нәзіктікті қалаймын.

 - Еркектердің қай қасиеттерін  сіз ерекше деп бағалайсыз?

- Ерлік пен достыққа тән адалдық.

- Әйелдердің қай қасиеттерін сіз ерекше деп бағалайсыз?

- Әйелге тән тартымдылық.

 - Достарыңыздың қандай қасиетін жоғары бағалайсыз?

- Маған деген мейірімділік, және олардың шартты  түрде сол мейірімін қадірлуге тұрарлықтай болуы.

- Сіздің ең басты кемшілігіңіз?

- Епсіздік, «өз-өзімді қолға алудағы» жетіспеушлік.

- Сіздің ең сүйікті ісіңіз?

- Сүю.

 - Сіздің бақыт туралы арманыңыз қандай?  

- Ол соншалықты керемет емес, бірақ мен ол туралы қалай айтарымды білмеймін. Сондықтан, оны сөзбен ұсқынсыз етіп алудан қорқамын.

- Сіз үшін ең үлкен бақытсыздық не болар еді?

- Әжем мен анамды ешқашан білмей өту.

- Сіз қандай болуды армандаған едіңіз?

- Мені шабыттандырған адамдардың мені көргісі келіп тұрса ғой.

- Сіздің қай жерде өмір сүргіңіз келер еді? 

- Менің армандарымның сондай ғажайыппен орндалатын және махаббат әркез жауапсыз болып қалмайтын мекенде (Прустың айырықша белгісі).

- Сіздің сүйікті түсіңіз?

- Әсемдікті түстерде емес, гармонияда.

- Сіз ұнататын гүл? 

- Ең әуелі сүйіктімнің қолындағы, содан соң  басқалары.

- Сіздің сүйікті құсыңыз?

- Қарлығаш

- Сіздің сүйікті жазушы-прозаиктеріңіз?

- Әзірге Анатоль Фрас пен Пьер Лоти

- Сіздің ең сүйікті ақындарыңыз?

- Бодлер мен Альерд де Виньчи

- Сүйікті әдеби қаһарманыңыз?

- Гамлет

 - Сүйікті әдеби әйел қаһарманыңыз?

- Федра (айырықша белгіленген), Береника.

- Сүйікті композиторыңыз?

- Бетховен, Вагнер, Шуман.

Сүйікті суретшіңіз?

- Леонардо да Винчи, Рембрандт.

- Шынайы өмірдегі ең сүйікті қаһарманыңыз?

- Дарлю мырза, Бутуру мырза.

- Шынайы өмірдегі ең сүйікті тарихи әйел қаһарманыңыз?

- Клеопатра.

- Сүйікті есіміңіз?

- Менің бір ғана сүйікті есімім бар.

- Бәрінен де не нәрсені жек көресіз?

- Өзімдегі барлық ақымақтықтарды.

- Сіз жек көретін тарихи кейіпкерлер?

- Менің білім деңгейім бұл сұраққа жауап беруге жеткіліксіз.

- Өзіңіз үшін лайық деп тапқан әскери оқиға?

- Әскерден өз еркіммен босатылуым.

- Сіз жоғары бағалайтын реформа?

(бұл сұрақ жауапсыз қалған)

- Қандай қасиетті бойыңызға дарытқыңыз келеді?

- Ерік күш және таңқалдыра білу...

- Қалай өлгіңіз келеді?

- Өзімнен озып, сүйікті болып өлгім келеді.

- Қандай қасиетті бойыңызға дарытқыңыз келеді?

- Бұл сұраққа жауап бере отырып, өзім туралы көп ойлану керектігін күйзеле ұғып отырмын.

 - Өз бойыңыздағы қандай әдеттерді кешіруге болады деп есептейсіз?

- Өзіме түсініктілерін (Прустың айырықша белгісі).

- Сіздің ұраныңыз?

- Ол маған қайғы әкелмей ме деп қорқамын. 

 

Түйін

Абай порталы» замандастарымызды, жас ғалымдар, журналистер мен қаламгерлерді Марсель Прусттың сауалнамасына жауап беріп, сайтқа жіберуге шақырады. Адам мен оның көзқарасы өзгермей тұрмайды. Тағы да жылдар өткеннен кейін өз жауаптарыңызға өзіңіз таң қалатын кез тууы да ықтимал. Біздер болсақ, осы жауаптардың барлығын порталда жариялап, қолымыздан келсе кітап қылып басып шығаруға уәде береміз. Аман болсақ, сол сауалдарды он, жиырма жыл өткен соң қайталап қоятын боламыз. 

Ертеңнен бастап, қазақ қаламгерлерінің жауаптары оқырман назарына ұсыныла бастайды. 

 

Дайындаған Тілек Ырысбек, Бауыржан Майтай

Abai.kz

 

 

 

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3596