Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2640 0 пікір 16 Наурыз, 2011 сағат 11:21

Сүндет Орынбасаров. Шымқаланың шырайы кетіп барады...

Күні кеше ғана Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  оңтүстік өңірін аралап қайтқаны белгілі. Әдетте, әкім қаралар мұндай кезде қаланың көрікті жерлерін аралатары анық. Облысымызға әкім болып Асқар Мырзахметов келгелі,  жасыратыны жоқ, оң өзгерістер болып жатыр.

Алайда, облыс халқының әлеуметтік ахуалы көңіл көншіте қоймайды. Баға деген шарықтап кетті. Базарға барсаңыз, еттің бір кіләсі 1000-1200 теңгеге жетіп жығылады. Әлбетте облыс, қала әкімдері ет жемейді демеймін,  бірақ базар бағасы оларды аса қызықтыра қоймайды ғой деймін. Үкімет тарапынан қаншама рет бағаны ауыздықтау туралы тапсырмалар түсіп жатыр десеңізші... Картошканың өзі 90 теңгеден түспей қойды. Ұнның бағасын айтпай-ақ қояйын. Ат төбеліндей шенеуніктердің жағдайы жақсы шығар,алайда, ауыл-ауылды Елбасы аралай қалса, тұрмыстары тұралап қалған отбасыларды көрер еді...

Мен облыс әкімін, оның командасын сынай қояйын, сөйтіп,  ұпай жинап алайын деген ойдан аулақпын. Қазір демократия заманы. Мырзахметов іскер әкім, алайда, ол да ет пен сүйектен жаралған пенде, кейбір кемшіліктерін айтсам, шенеуніктер ренжи қоймас. Облыста парақорлық тиылмай отыр. Төлеби ауданында салық инспекторы парамен ұсталды. Қасиетті Түркістанда жезөкшелік, жастар арасындағы бұзақылық, ауыр қылмыстар азаймай отыр. Түркістанға Қайрат деген бизнесмен әкім болғалы мынау деген оңды өзгерістерін байқамадық. Көктемнің басында жауған қардан Шымкент қаласы маңындағы Қайтпас елді мекеннің көшелерін су басып қалды, тіпті үйлерінің ауласы көлшікке айналды. Самал-3 мөлтек ауданының көшелері батпақ, асфальт төселмеген, мен тек қала ішіндегі Елбасы жүретін көшелердің ғана күрделі жөндеулерден өтетініне қайран қаламын... Ал, 11 мөлтек ауданындағы жер үйлердің арасындағы көшелерден жазда шаң, қыста батпақ кетпейді. Басқа да қала маңындағы  жаңадан пайда болғандарына он жылдан асқан мөлтек аудандардың көшелері сын көтермейді. Елбасы келгенде, осы көшелермен неге жүргізбейді?  Қала шетіндегі тұрғындар  «екінші сортты» адамдар болғаны ма?

Самал-3 те төртінші сыныпқа дейінгі балалар  жекеменшік ескі үйде оқиды... Сол үй жалға алынған...  Тельмандағы пошта бөлімшесі де жалға алынған жекеменшік ескі сарайға орналасқан...Ұят екен, қай ғасырда өмір сүріп келеміз? Осы ықшам ауданындағы жалғыз асфальтты күре жолдың бойында  нөмірі алтыншы балалар емханасының жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Халық қуанды. Алайда, сенсеңіз, ішінде жиһаздар әлі жоқ. Дәрігерлер отыратын столдар жоқ, түрегеп тұрып қабылдайды. Карточкалар жерде үйілген күйде, соны ақтарып, іздеп жүрген дәрігерлерге қарап жаның ашиды. Неге сонша тез пайдалануға берілді екен. Бәрі бітпей жатып?  Үкіметке жақсы атану үшін бе?

Ал, жаңбыр жауды, Шымқала көшелерін су басып кетеді. Арық атыздар кеңейтілмеген бе, әлде басқа бір жоба керек пе, жылда осы... Шымқаланы Американың бір штаты ма деп қаласың... Көше бойлап келе жатсаң қазақша атаулар, маңдайшалар ілуде біреу, қалғандары ағылшынша... Бұған Асқар Мырзахметовтің әлі келе қояр ма екен... Забадам елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қыс бітпей жатып, көше жиегін қазып тастады. Откорм көшелері осының кесірінен батпаққа айналды. Оқушылар сабақтарына батпақ сүйреп, көлшік кешіп барады.  Былтыр жазда неге басталмады екен, бұл жұмыс? Биыл күн жылына қазса болмас па? Қазып тастағанымен, жұмыс жүрген жоқ қой?

Айта берсек, мұндай кемшіліктер жетіп артылады. Кемшіліктердің ең бастысы -  Асқар Мырзахметов облысты басқару ісінде әркімге бір жалтақтайтын жағдайда отыр. Бұл турасында ендігі бір әңгімемізде кеңірек баяндайтын боламыз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522