Сенбі, 23 Қараша 2024
3009 0 пікір 10 Қыркүйек, 2018 сағат 09:29

Дүниежүзі көшпенділер ойындарын көруге 70 мың шетелдік турист келген

III-Дүниежүзі көшпенділер ойындарын көруге шетелден 70 мыңға жуық турист келген. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда үш есеге көп деп мәлімдеді Қырғызстан туризм департаментінің басшысы Азамат Жамангулов.

Оның сөзінше, егер 2016 жылы ойындардың ашылу салтанатын тамашалауға Қыршын жайлауына 30 мыңға жуық адам қатысса, биылғы ашылу рәсіміне 150 мың адам қатысқан. 2016 жылы ойындарға 20 мыңға жуық шетелдік келген, ал биыл олардың саны 60 мыңнан асқан.

Үшінші Дүниежүзі көшпенділер ойындарына 56 елден келген 50 телеарна, 12 радиостанция, 67 ақпарат агенттігі мен 48 газеттің өкілдері – 600-ден аса журналист хабар таратқан.

Көшпенділер ойындарының қорытындысы бойынша, жалпы есепте 40 алтын, 32 күміс және 31 қола медаль алған Қырғызстан командасы бірінші орын иеленген.

Екінші орын алған Қазақстан командасының қоржынында 18 алтын, 24 күміс және 34 қола медаль бар.

Үшінші орынды 17 алтын, 12 күміс және 27 қола медаль ұтқан Ресей командасы еншіледі.

Бұдан кейінгі орындарда Түркіменстан (27 медаль), Өзбекстан (33 медаль), Венгрия (12 медаль), Иран (12 медаль), Украина (9 медаль), Моңғолия (17 медаль) және Түркия (6 медаль) командалары тұр.

Ойындардың жалпы жүлде қоры 28 миллион сомды (403 мың доллар) құраған.

Қырғызстан Дүниежүзі көшпенділер ойындарын алғаш рет 2014 жылы өткізді. 2016 жылы екінші ойындар өтті.

Келесі, төртінші Дүниежүзі көшпенділер ойындары 2020 жылы Түркияда өтеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435