«Фонтанки» ақпаратына сәйкес, ұсталғандардың саны 500-ге жуық. Екатеринбургте 129 адамды ұстаған.
Мәскеуде әртүрлі көрсеткіш бойынша, бірнеше ондаған адамды ұстаған. «Театральная» метро жанында манифестанттарды шоқпармен ұрған.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, Пушкин алаңындағы акцияға бес мыңға дейін адам қатысқан. Пушкин ескерткішінің жанына "Зейнет" деп жазылған қаралы гүлдесте қойылған. Жиналған жұрт "Бұл реформа емес, бұл тонау!", "Ақшамызды қайтарыңдар" деп жатты.
Ресей бойынша, зейнетақы реформасына қарсылық ретінде 60 мыңнан 80 мыңға дейін адам қатысқан. Бұл жөнінде Твиттерге Навальныйдың әріптесі Леонид Волков жазды.
Мәскеуде Pussy Riot тобының мүшелері Ника Никульшина мен Диана Диденко ұсталды. Оларды полиция бөлімшесіне алып кеткен. Қыздарға жылы киім жеткізбек болған топ мүшесі Петр Верзиловты да ұстаған.
Abai.kz